БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

Пятница, 18 Февраль 2022 06:16 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1292 раз

Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздердді дәріптеуге арналған «Мемлекеттік рәміздер – Ұлт мақтанышы» атты қалалық эссе жазу байқауы тек Сіз үшін!

Қапы қалмаңыз, құрметті қаламгер!

298

 

Шымкент қалалық мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өтетін «Мемлекеттік рәміздер — Ұлт мақтанышы» эссе жазу байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер:

«Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры» МКҚК 2022 жыл – «Балалар жылы» аясында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары мен колледж студенттері арасындағы «Мемлекеттік рәміздер — Ұлт мақтанышы» тақырыбындағы қалалық сырттай эссе жазу байқауын (Бұдан әрі- Байқау) өткізеді.

Байқауды ұйымдастырушыр: «Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры» МКҚК.

Байқаудың мақсаты:

        Жас ұрпаққа   мемлекеттік рәміздерді насихаттау, ұлттық құндылықтар мен тәрбие тағлымын жеткізу, бойына сіңіру.

           Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыздың мерейін үстем етіп, балаларды жұмылдырып, рухтандырып тұру.

           Қазақстан Республикасының азаматы өз Отанын Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы, әділетті, өркениетті ел болуы үшін сапалы білім алып, мәдениетті адам болып қалыптасуын түсіндіру.

        Қазақстың ата-дәстүрін жалғастыруға, Мемлекет Президентін құрметтеуге, Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындауға, Еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлеуге үйрету.

Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі:

-Қалалық байқау 2022 жылдың 4 маусымында Ордабасы алаңында өткізіледі.

-Байқауға қатысу ұсынысы қалалық білім басқармасына қарасты бөлімдер мен білім мекемелерінің басшылары арқылы қабылданады. Байқауға қатысу үшін өтінім Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында 2022 жылдың 16 ақпан-20 мамыр аралығында тапсыруы тиіс.

-Сұраныста оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны және жұмыстың бағыты мен тақырыбы толық көрсетілуі қажет.

-Байқау қатысу өтінім мен жұмыстарды Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.    электронды поштасына жіберу қажет.

Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары

•Жұмыс қатысушының таңдауына қарай қазақ және орыс тілдерінде қабылданады;

•Шығарма әр түрлі жанрда жазылуы мүмкін (эссе, шығарма-толғау, шығарма-талқылау, т.б.)

•Байқауға қатысқан шығармаларға пікір жазылмайды, қайтарылмайды.

•Байқауға бұрын еш жерде жарияланбаған эсселер қатысады.

5. Бағалау критерийлері

Ең үздік шығармаларды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:

•Ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;

•Шығарма мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;

•Жазба тілінің сапасы;

•Зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;

•Тарихи деректердің болуы, әдеби материалды пайдалану деңгейі;

•Сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).

6. Ұйымдастыру комитетінің қызметі

•   Байқауды Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы және «Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры»МКҚК жүзеге асырады. Ұйымдастыру комитетінің құрамына жергілікті атқарушы орган өкілдері кіреді.

•   Ұйымдастыру комитеті өкілеттілігі:

•   Байқаудың өткізілу шарттары мен Ережесін бекітеді;

•   Қазақстан Республикасының қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалым-әдебиетшілерден тұратын Байқаудың қазылар алқасын бекітеді;

•   Қазылар алқасының жұмысын үйлестіреді;

7. Қазылар алқасы туралы:

- Байқауға қатысушылардың өнерін бағалау үшін қазылар алқасы құрылады.

- Қазылар алқасының шешімі түбегейлі болып табылады және қайта қаралмайды.

- Қазылар алқасы қатысушылардың әрбір мүдіргенін қалт жібермей, белгілеп отыруы тиіс.

- Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде рәсімделеді және оған барлық мүшелері қол қояды. Дауыстар саны тең түскен жағдайда қазылар алқасының төрағасы шешуші дауысқа ие болады.

8. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау

-Қорытынды кезеңінің жеңімпаздары Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры МКҚК-ның дипломдарымен марапатталады.

-Жеңімпаздар туралы мәлімет ұйымдастырушылардың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында (фейсбук) жарияланатын болады.

-Қатысушының жыр дастаны инстаграмдағы @Shymkent.kuyrshak, фейсбуктегі @Shymkent Кuyrshak парақшаларында жарияланады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 34.

Тел.: 8 702 767 94 97, e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.