ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ – САПАЛЫ ЖАРЫҚ Избранное

Среда, 23 Февраль 2022 05:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1154 раз

Шымкентте тұрғындарды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мамандары БАҚ өкілдерін атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырды.

312

 

Асар-2 шағынауданын сапалы электр қуатымен қамту бойынша жалпы саны 2 139 электр бағанасы орнатылған. Бұған қоса 24 трансформатор сатып алынып, учаске басына жеткізілген. 30 шақырым электр желісі тартылып, нәтижесінде 2700 үй электр жарығымен қамтылды.
– Мемлекет басшысының тапсырмасымен қала тұрғындарын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бақылауымен жүзеге асырылуда. 2021 жылы «Бозарық» және «1-М-1» қосалқы станцияларының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Шағынаудандар мен елді мекендерге электр желілерін тарту сол қосалқы станциялар іске қосылған соң мүмкін болып отыр. Асар-2 шағынауданымен қоса Қайнарбұлақ тұрғындары да биыл жарыққа қол жеткізеді, – деді басқарма басшысы Боранбай Булатбеков.
Бүгінгі таңда Қайнарбұлақ тұрғын алабының шет жағына да бағаналар орнатылуда. Мердігер «Turan Energo Group» мекемесінің мамандары тиісті 3280 бағананың 3000-нан астамын орнатып қойған.
Айта кетейік, Асар-2 шағынауданында орналасқан «1-М-1» қосалқы станциясынан 4 елді мекенге электр желісі тартылады. Олар – Асар-2, Солтүстік саяжай, Қайнарбұлақ және Достық шағынаудандары. Жалпы саны 70 мыңға жуық тұрғын. Қоректендіру желісі 110 кВт құрайтын қосалқы станция Бозарық станциясынан қуат алады. Ал станциядан тартылған желілердің ұзындығы – 5,2 шақырым.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.