Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің Избранное

Пятница, 11 Март 2022 04:20 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1010 раз

Шымкентте көзі көрмейтін және әлсіз көретін жандардың қатысуымен «Шексіз әлем» атты қайырымдылық концерті өтті. Қайырымдылық кештің өтуіне Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мен «Асқар тау.kz» қоры ұйытқы болды.

467

 

Шараның өтуіне «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Мағжан Исахов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова, «Ten qogam» әлеуметтік орталығы мен meyirim.kz порталы, Кәусар шайхана желісі демеушілік жасады.
– Осы іс-шара арқылы ерік-жігері мықты, ерекше жандарды көпшілікке танытып, өмірге құштарлығын арттыруға ықпал еткіміз келеді, - деді «Асқар тау.kz» қоғамдық қорының жетекшісі Гүлсара Дүйсенәліқызы.
Аталмыш шарада зағип жандар ән салып, көркемсөз оқыды.
– Жастар орталығында өнер, тіл үйрету, психологиялық көмек көрсетуге арналған 12 үйірме бар. Бүгінгі концерт өнер үйірмесінің бастамасымен қолға алынған. Концертті әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтардың бос уақытын тиімді өткізу, оларды сахнаға шығару мақсатында өткіздік, - деді жастар орталығының басшысы Мағжан Исахов.
Айта кетейік, қайырымдылық концерттен жиналған қаржы зағип жандардың еміне жұмсалатын болады.

Ақбөпе ЕРГЕШ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.