ШЫМКЕНТТЕ ЕГІС АЛҚАБЫ КЕҢЕЙДІ Избранное

Пятница, 11 Март 2022 04:24 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1011 раз

Шымкент қаласында дала жұмыстарына арналған техникалар толығымен дайын. Өткен жылы ауыл шаруашылығы техникасының паркі 10 жаңа трактормен толықтырылған болатын. Оның 7-і отандық техника.

468

 

Қала аумағындағы егіс көлемін 29,8 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл 2021 жылдан 0,5 мың гектарға, ал 2019 жылмен салыстырғанда 1,9 мың гектарға артық. Осы егіс алқабынан 90,1 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.
Биыл мал азықтық өнімдерін өндіруге басымдық беріледі. 2021 жылы 8,9 мың га жерден мал азығы жиналса, осы жылы 9,5 мың гектардан өнім жинау көзделген.
Осы жылғы егістіктің 43,6 пайызын дәнді дақылдар құрап отыр. Қала төңірегіндегі 13 мың га дәнді дақыл өсірілетін алқап болса, оның 2,5 гектарына жаздық, 10,4 мың гектарына күздік тұқым егіледі. Ол үшін шаруалар қажетті астық тұқымдарымен толық қамтылды. Сонымен қатар, «Оңтүстік-батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де 107,7 тонна тұқым қоры әзірленген.
Биыл егін өнімділігін арттыру мақсатында минералды тыңайтқыштар мен тұқым шаруашылығына және пестицидтердің, биоагенттердi (энтомофагтардың) субсидиялауға қаржы қаралып отыр.
Дала жұмыстарын жүргізуге арналған жанармайды тарататын операторлар да анықталды. Қазір шаруалардың өтініміне сәйкес жанармайдың 1 литрі 189 теңге жеңілдетілген бағада ұсынылуда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.