ҚОҚЫС ТАСТАҒАНДАРҒА ХАТТАМА ТҮЗІЛДІ Избранное

Пятница, 08 Апрель 2022 03:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1712 раз

Қандай да бір елді мекеннің тазалығы сақталып, көріктенуіне атқарушы билік те, жергілікті тұрғындар да жауапты. Әркім өзінің үйі мен жұмыс орнын, кәсіптік ғимаратын таза ұстаса, қоғамдық тазалық осылай құралады. Ал билік өкілдері осы абаттандыру жұмыстарына жауапты.

128

 

Осыған орай жуырда Әл-Фараби аудандық әкімдік қызметкерлері ауданға қарасты көшелерде рейд ұйымдастырды. Полиция және мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мамандары қатысқан іс-шара барысында кәсіпкерлер мен ғимарат иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда Ә.Жангелдин, Ш.Қалдаяқов, Т.Рысқұлов көшелерінің бойы тексеріліп, белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған тұрғындарға ескерту хаттамалары толтырылды. Кәсіпкерлік нысандардың иелеріне абаттандыру қағидаларын сақтау тәртібі түсіндірілді. Айта кетейік, қоғамдық орынға қоқыс тастаған тұлғаға ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылық Кодексіне сай шара көріліп, айыппұл кесіледі.
Мамандар, бұған қоса, Қазыбек би көшесінің бойындағы кәсіпкерлік нысандардың иелеріне ғимараттағы жарнама мәтіндерін ретке келтіруге, дұрыс жазылуына мониторинг жасады. Әкімдік қызметкерлері көше бойларында орналасқан жарнамалардың «ҚР Тiл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес дұрыс жазылуы бойынша 26 кәсіпкерге кезекті түсіндірме жұмыстарын өткізді.
Кәсіпкерлік нысандардағы кейбір бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпараттың жазылуында тіл туралы заңның сақталмағаны анықталып, түзету туралы ескерту берілді. Олқылық жойылмаған жағдайда жеке кәсіп иесі заң бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«ҚР Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, кез келген көрнекi ақпараттың мәтiнi ең алдымен мемлекеттiк тiлде жазылып, қажеттiгiне қарай қосымша басқа да тiлдерге аударылады.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.