Шымкенттік балалар онкогематологы сәбиге хиджама жасауға түбегейлі қарсы екенін мәлімдеді. Жаңа туған сәбидің маңдайын, одан қалса бетін алмаспен тіліп, қан шығару арқылы жасалған «емдеу әдісінің» бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралғалы, қоғамның қызу талқысына түсті. Сәбидің қан-жоса болған жүзін селт етпей қарау әсте мүмкін емес-ті. Алайда, еліміздің…
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2022 жылды қорытындылап, баспасөз мәжілісін өткізді. Өткен жылы ауданаралық сотында 72 тұлғаға қатысты 58 қылмыстық іс үкім шығарумен аяқталған. Соттың төрағасы Әбдсаттар Шахидиновтың сөзінше, сот өндірісіне келіп түскен істің 77,7 пайызы шешім қабылдаумен аяқталған.
23 қаңтардан бастап елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында автоХҚО-лардың жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады.
Шымкент Орталық мешіті – Ақмешітте қасиетті Ережеп айының келуіне орай, «Күшіміз бірлікте» атты қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Шымкент қаласында спорттық нысандар саны жаңа орталықпен толықты. Заманауи талаптарға сай үстел теннисі орталығы салтанатты түрде ашылды. Жаңа нысанның құрылысы 2022 жылдың қазан айында аяқталған болатын. Құрылыстың жалпы құны – 1,2 млрд теңге. Қазіргі таңда орталық Шымкент қаласының үстел теннисі федерациясына қарасты.
Шымкент — еліміздің өзге өңірлермен салыстырғанда ауа температурасының жылылығымен ерекшеленетін аймақ. Алайда, қыс қаһарына мінген сәтте шымкенттіктер біршама қиындыққа душар болды. Әсіресе, қаланың коммуналдық саладағы қызметкерлері тәулік бойы халыққа қызмет көрсетті. Оның ішінде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС жедел әрекет етіп, кезекші бригадаларды ұйымдастыру арқылы халықтың алғысын…
ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов шетелдік автокөліктерді тіркеу мәселесі бойынша кеңейтілген жиналыс өткізді. Оған өңірлік полиция департаментінің басшылары мен бірқатар жауапты мамандар қатысты.
Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитеті Шымкент қалалық департаментінің басшысы Дархан Қайыңбердиев мәлімдеді. Қалалық әкімдікке қарасты ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде жауапты маман «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты бойынша баяндама жасады.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков 2022 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде әкімге есеп беріп, 2023 жылға қойылған міндеттерді баяндады.
Үшінші мегаполисте 2022 жылы ауыл шаруашылығы саласында 46 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл туралы қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Абунасыр Жанбатыров баспасөз брифингінде мәлімдеді.