Шымкенттік дәрігерлер төрт айлық сәбиге күрделі ота жасап, оның көкірегіндегі жарықты (грыжа) алып тастады. Нәресте қалалық балалар клиникалық ауруханасына жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Аурухананың қабылдау бөліміне түскенде ата-анасы сәбидегі жөтелдің күшейіп, ентігу, жалпы әлсіздік бар екенін айтып, шағымданған.
Бұл туралы Шымкент қалалық цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Туғанбай мәлімдеді. Спикердің мәліметінше, басқарма 2023 жылы бірқатар маңызды мақсат бойынша жоспарлы жұмыс атқармақ.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам, Өтеміс, Шапырашты және Қызылсу тұрғындарымен кездесті. Шаһар басшысы кездесуде өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы мақсат-міндеттер жайлы айтты.
2022 жылдың есептік кезеңінде қала аумағында 32 жазатайым оқиға орын алып, 47 адам зардап шекті, 9 адам қайтыс болды. Сондай-ақ, 29 адам ауыр жарақат, 9 адам жеңіл жарақат алған. Бұл жөнінде Шымкент қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов мәлімдеді.
Жыл басынан бері Шымкенттік ХҚО-ларда жеке куәлік пен төлқұжат рәсімдеуге өтініш білдірген тұрғындар саны көбейді. Осыған орай «Азаматтарға арналған үкімет» компорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері төлқұжат пен жеке куәлікті қалай алуға болатыны туралы айтып берді.
Биыл Шымкенттен тікелей ұшатын халықаралық рейстер саны артады. Бүгінгі таңда ішкі рейстер қатарында Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары болса, халықаралық рейстер бойынша Дубай, Стамбұл, Пхукет, Медина қалаларына Шымкенттен тікелей ұшуға болады. Ал жақын күндері Кутаиси бағыты қайта жаңарып, Душанбе мен Анкараға жаңа тікелей бағыттар ашылады.
Үшінші мегаполисте жаңадан бу-газ электр станциясы салынады. Станцияның құрылысы биыл басталып, 2026 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Бүгінде техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттамасы дайын.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданындағы Қарабастау, Жұлдыз, Жалын тұрғын алаптарының халқымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Қала әкімі есепті кездесуге дейін тұрғындардың өзекті мәселелерін жүйелеу, талқылау бойынша жиындар өтетінін мәлімдеді.
Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен «Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев қатысты.
Шымкент қаласында 2022 жылдың қорытындысы бойынша кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 60 пайызға жетті. Жалпы бұл көрсеткішті кезең-кезеңімен ұлғайту көзделуде. Кәріз жүйесінің су тазалау қондырғысының қуаттылығын арттыру, өндіріске жаңа технологияларды енгізу, цифрландыру бағытында тиісті жұмыстар қолға алынған. Жуырда шаһарда халықаралық стандарттар деңгейінде жұмыс істейтін жаңа тазарту…