Баспана кері қайтарылады

Среда, 22 Май 2024 05:07 Автор
Шымкентте сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспанамен қамтылған жалға алушылармен келісімшартты біржақты бұзу мәселесі қаралып жатыр. Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасы мен учаскелік полиция қызметкерлері мониторинг барысында 189-орам №20 үйдің екі пәтері мақсатсыз пайдаланғанын анықтады.
Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де 2023 жылғы іс-шаралар жоспары аясында 12 бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп, оған 360 мың жас қамтылған. Қалада мемлекеттік жастар саясатын жүргізуде тиісті жұмыстар қолға алынған. Дегенмен, шешімін күткен мәселелер де бар. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік…

Миллион түп гүл егілді

Пятница, 17 Май 2024 07:18 Автор
Шымкент қаласында биыл 1 млн. түп біржылдық гүл егу жоспарланып отыр. Бүгінде қаланың орталық көшелері, айналма жол, жол бұрылыстары және вазондарда гүл отырғызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірден-бір жолы – азаматтарды кәсіпкерлікпен айналысуға бағыттау, яғни жаңа бизнес-идеяларды іске асыру болып табылады. Осы бағытта 2019 жылдан бастап халықтың осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз негізде грант беріліп келеді.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен бірге Сайрам тұрғын алабында құрылысы аяқталған ауыз су жүйесін іске қосу шарасына қатысты. Бұған дейін елдімекеннің 19 мыңға жуық тұрғыны жазда ауыз су тапшылығын көріп келген болатын.
Шипажайға кезек geo-shym.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Цифрландыру бағдарламасы шеңберінде биыл іске қосылған арнайы порталда зейнеткерлер шипажай кезегіне онлайн тұрумен қатар кезек ретін бақылай алады.
Қала әкімдігінің Шымкент қаласының әуежайы басшылығымен жүргізген келіссөздері нәтижесінде бұдан былай радиофармацевтикалық препараттар (РФП) тікұшақтар арқылы жеткізілетін болды. Бұл ең алдымен қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды дер кезінде анықтап, емдеу шараларының тиімділігін арттырады.
Қала аумағында иесіз жүрген немесе қадағалаусыз қалған үй жануарларының, яғни қаңғыбас иттер мен мысықтардың тұрғындарға залал тигізетін немесе өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайлары қоғамда, өкінішке қарай, кездесіп жатады.
Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласының KEZEKTE.KZ деректер қорында кезекке тіркелген кейбір азаматтарға құжаттарын жаңарту бойынша СМС-ХАБАРЛАМАЛАР жолдануда.
Заң талаптарына сәйкес әрбір азаматтың жұмыс орнының қауіпсіз болуын талап етуге құқығы бар. Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалауын бақылауды қамтасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырма берген болатын. Бүгінде бұл жобаны үшінші мегаполисте 18 кәсіпорын…