БАСЫМДЫҚ – ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТЕ

Пятница, 03 Май 2024 06:24 Автор
Премьер-Министрдің отандық өндірісті қолдау бойынша тапсырмасына сәйкес вице-премьер Серік Жұманғарин Шымкентке келіп, жұмыс істеп тұрған ірі өндірістік және ауыл шаруашылығы нысандарының жұмысымен, құрылыс барысымен танысты.
Шымкент қаласындағы денсаулық мекемелерінде медициналық жабдықтар мен төсек-орындардың жетіспеушілігі анықталған. Еліміздің барлық аймақтары бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес, 10 000 адамға шаққанда төсек-орынмен қамтылу деңгейі Шымкент қаласы бойынша 36,57-ні құрайды. Яғни, республика бойынша соңғы орында тұр. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау…
Қала әкімінің тапсырмасына сай және тұрғындардың өтініші бойынша қоғамдық көлік бағыттарына 1 мамырдан бастап өзгеріс енгізілді.
«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» дейді біздің қазақ. Үлкенді сыйлау, ілтипат көрсету, қамқорлық таныту – ұлтымыздың ең орныққан қағидаларының бірі. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы осы қағиданы қайта жаңғыртып отыр. Осы апталық аясында Шымкентте де жалғызілікті қарттарға, ардагерлерге, қарттарға көмектесу, жылулық сезімін…
Шымкенттің кешін «Жаңа леп» ұжымы бір сәтке махаббатқа, үмітке бөледі. Ж.Шанин атындағы қалалық академиялық қазақ драма театрында «Көктемдегі кездесу» музыкалық-поэтикалық қойылымының премьерасы өтті. Екі сағатқа созылған қойылым мөлдір сағынышты, кейде аяулы, кейде баянсыз махаббатты, асқақтықты, нәзіктікті, іңкәр сезімдерді, жүрек қағысын суреттей білді.
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Шымкент қаласындағы «Достық» үйінде «Береке – бірлікте» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті.
Шымкент қаласы әкімінің аппарат мәжілісінде бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Онда инфрақұрылым жүргізуге тартылған мердігер мекемелердің жұмысы талқыланды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қазылған жолдардың міндетті түрде қалпына келтірілуі тиіс екенін, мұндай сапасыздыққа жол берген мердігерлердің қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді. Ведомство басшысы «АйМар Құс» ЖШС жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті.
Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысқан сессия отырысына әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессияны мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіндегі мәселелерді қарады. Сондай-ақ, жиында бірқатар басқарма басшылары атқарған…
Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы салада атқарылған нақты жұмыстар мен жетістіктер, алдағы жоспарлар туралы баспасөз конференциясын өткізді.