Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Ақтас елді мекеніне табиғи газ берілді. Құрылыс жұмыстары былтыр басталып, мерзімінен кешіктірілмей 16,7 шақырымға газ құбыры тартылып бітті. Нәтижесінде аталған аймақтағы 1 380 тұрғын көгілдір отынды пайдалану мүмкіндігіне ие болып отыр. Ескере кететін жәйт, тұрғындар үйінің алдына келіп тұрған орталықтандырылған…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тағы бір маңызды мәселе – кәсіпкерліктің бүгінгі ахуалы. Билік пен бизнестің арасында сындарлы диалог болуы қажет» деп атап өткен болатын.
Шымкент қаласының Опера және балет театрында осындай атаумен ерекше жандарға мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Қазан айының екінші жексенбісі елімізде мүгедектігі бар жандардың күні болып белгіленген. Осы күннің құрметіне «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы шаһардағы мүгедектігі бар жандарды қуанышқа бөледі.
Сапалы әрі тегіс жолдар – мегаполистегі жайлы өмірдің ажырамас бөлігі екені баршаға аян. Жолдардың заманауи талапқа сай болуы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен шаһардағы көлік кептелісін азайтуға оң ықпал ететіні анық. Сондықтан, бүгінде Шымкент қаласының әкімдігі жол-көлік инфрақұрылымын дамытып, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін ұлғайтуға ерекше…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңадан құрылған Тұран ауданы тұрғындарымен кездесті. Шаһар басшысы тұрғындарға атқарылар жұмыстардың негізгі басым бағыттарынан хабардар етіп, азаматтардың мәселелерін тыңдады.

АППАРАТ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Пятница, 06 Октябрь 2023 04:44 Автор
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы лауазымына Сейтенов Ержан Іргебайұлы тағайындалды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің «Көрме» орталығында кезекті бірыңғай қабылдау күні өтті. Әкімнің тікелей қабылдауына 200-ге жуық азамат өтініш білдірді.

МӘДЕНИЕТ – халықтың рухани келбеті

Пятница, 06 Октябрь 2023 04:41 Автор
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәдениет саласы өкілдерімен кездесті. Олардың арасында саланың үздіктері мен ардагерлері, ақын-жазушылар, суретшілер, қолөнер шеберлері, кітапхана, театр, музей, мәдениет орталықтарының басшылары бар.
«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында техникалық реттеу мәселелері бойынша көшпелі кеңес ұйымдастырылды. Оған ҚР Техникалық реттеу және метрология комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің, «Қазақстан стандарттау және метрология институты» республикалық кәсіпорны Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы, сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың бастамасымен 7 қазан күнінен бастап "Таза қала — өзіңнен басталады" атты акциясы аясында жалпықалалық сенбіліктер басталады. Бұл акция қазан-қараша айларында тұрақты түрде жалғасады.