ҚАРАБАСТАУ, ЖҰЛДЫЗ, ЖАЛЫН: жаңақұрылыстардың жаңаша келбеті
Среда, 27 Сентябрь 2023 05:52 Автор Редакция
Қаланың өндірістік аумағы саналатын Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйесіне қатысты бірқатар мәселе кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Бұл ретте, ауданның жаңа құрылыс аумағы мен қала құрамына енген елді мекендерге басымдық берілуде. Сайрам ауданының құрамынан қалаға қосылған шағынауданның бірі –Қарабастау жаңақұрылыс тұрғын алабы. Тұрғын алап халқы осы уақытқа…
Отбасы – тәрбиенің қайнар көзі. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Қаратау ауданы әкімдігі ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысып жүрген отбасыларды арнайы құттықтады.
Бұқаралық спортпен халықтың шұғылдануын арттыру, спорт саласының жандануына тұрақты жағдай жасау — Мемлекет басшысы жүктеген маңызды тапсырмалардың бірі.
Шымкентте өткен жылы мемлекеттен 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз грант алып, бизнес-жоспарларын жүзеге асырған 1000-нан астам кәсіпкер жеке кәсіппен айналысуда. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы грант алған азаматтардың алдағы уақытта шағын кәсіптен орта бизнес деңгейіне көтерілуіне қолдау көрсетпек. Қаланың «Арбат» алаңында қайтарымсыз грант иегерлері…
Шымкентте түркі әлемінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы Арыстан бабқа арналған еліміз бойынша тұңғыш рет республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. «Арыстан баб және ихсан тағылымы» тақырыбындағы басқосуға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти, ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшелері, имамдар, зиялы қауым өкілдері, студент жастар қатысты.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков БАҚ өкілдерімен кездесті. Басқосуға телеарналар мен газеттердің бас редакторлары, журналистер және әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Ақпарат құралдары ең көп шоғырланған Шымкентте қазірде 170-тен астам орталық жұмыс істеп келеді.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа халықаралық әуежай терминалының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Шымкенттегі қалалық №4 перинаталдық орталықта «Сәби – шаңырақ шаттығы» акциясы өткізілді. Қаратау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада «Отбасы күні» мерекесі қарсаңында дүниеге келген сәбилер мен аналарына құрмет көрсетілді. Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов, қалалық мәслихат депутаты Асқар Молдабек аналарды құттықтап алғыс хат пен сый-сияпат табыстады.
ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ: КОМПАНИЯ 76 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ГАЗ ҚҰБЫРЫН ЖАҢАРТУДА
Среда, 20 Сентябрь 2023 06:59 Автор Айдар Құлжанов
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу керегін айтқан болатын. Президент ұсынған жаңа саясатқа сәйкес қайсы монополист инфрақұрылым желілерін жаңартуға инвестиция салса, мемлекет сол компанияға коммуналдық тарифтерді өсіруге рұқсат береді.
Әл-Фараби ауданына қарасты 7 тұрғын үй ауласында балалардың күміс күлкісі мен шат-шадыман қуанышты дауысы салтанат құрды.