МАҢЫЗДЫ ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛДЫ

Пятница, 29 Сентябрь 2023 04:02 Автор
Қаратау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы отбасылық құндылықтардың маңыздылығы, қоғамның түрлі саласындағы әйелдер рөлі» – атты аудандық форум өтті. Форумға Қаратау ауданына қарасты білім, денсаулық, мәдениет және спорт мекемелерінің басшылары, қоғам белсенділері қатысты. Аталмыш форум аудан аумағындағы іскер әйелдердің қатысуымен дәстүрлі түрде өткізіліп…
Қыстан қысылмай шығу үшін жылу беру маусымына дайындық жұмыстары үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл тұрғыда орталық жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарының да дайындығы маңызды. Себебі жылу беретін мекеме жылуды тұрғын үйдің элеваторына дейін жеткізіп береді. Ал жылудың сапалы түрде ары қарай әр пәтерге…

«Балалық шақ мекені»

Пятница, 29 Сентябрь 2023 03:52 Автор
Шымкенттегі қалалық Оқушылар сарайы жаңа оқу жылын осы тақырыптағы Ашық есік күнімен бастады. Тарихы терең бұл мекемеде шығармашылығын шыңдаған балалар мен жасөспірімдер Қазақстанда ғана емес, әлемнің талай елінде өткен додаларда топ жарып жүргенін мақтанышпен айтуға болады.

Отанды қорғау – перзенттік парыз

Пятница, 29 Сентябрь 2023 03:49 Автор
ҚР Қорғаныс Министрлігінің Әскери бөлімдеріне жас сарбаздарды салтанатты шығарып салу іс-шарасы өтті. Шымкентте осы күзде 900-ден астам азамат әскери қызметке шақырылады. Бұған дейін ҰҚК Шекара қызметі бөліміне әскерге шақырылушылардың бірінші командасы жіберілген-тін.
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Айсұлу Әлібекова мәлімдеді.
Шымкент қаласында жалпы аумағы 198,97 гектарды құрайтын 63 жер телімінің игерілмегені және нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмағаны анықталған.
Шымкентке жұмыс сапарымен келген ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин қала тұрғындарымен кездесуінде осылай деп мәлімдеді. Жиында тұрғындар қаламызда соңғы жылдары беріліп жатқан арендалық тұрғын үйлердің сапасы, абаттандырылуы және баспана кезегінің мәселесін көтерді.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындарымен кездесіп, елді мекендерде атқарылған жұмыстармен танысты. Онда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар баяндалып, алдағы жоба-жоспарлар сараланды.
Шымкентте халық тұтынатын, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры жеткілікті. Дистрибьютерлік компаниялардың қоймаларынан азық-түлік өнімдері тұрақты бағада әрі жеткілікті көлемде босатылып жатыр.
Шымкент қаласында су құбыры және кәріз жүйелерін жөндеу, қайта құру бойынша 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама бекітілген еді. Биыл ірі 8 нысанда құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Шымкент қаласының су құбыры және канализация басқармасы және Табиғи монополияларды реттеу департаменті бірлесе ұйымдастырған кезекті баспасөз турында атқарылған жұмыстар…