Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен өткен арнайы жиында жылу маусымының соңғы сатысындағы дайындық шаралары талқыланды.
Шымкент қаласының Тұран, Шымсити шағынаудандарындағы көпқабатты үйлердің қысқы жылу мерзіміне дайындық барысын пысықтау бойынша баспасөз туры өтті. Іс-шараға қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, «Қуатжылуорталық-3» мекемесінің және БАҚ өкілдері қатысты.
Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен қоғамда отбасы институтын нығайтуда «Бақытты отбасы – бақытты жан» жобасы қолға алынды. Жаңа жоба аясында отбасы құндылығын нығайту, ата-ана мен бала құқығының сақталуы, өзара сыйластық, қарым-қатынасты сақтауда психолог пен заңгер мамандардың қатысуымен мазмұнды басқосулар ұйымдастырылып келеді.
Шымкент қаласында 16 қыркүйек күні «World clean up day» - «Дүниежүзілік тазалық күнінде» «Киелі табиғат» бірыңғай республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік іс-шарасы өтті. Сайрам тұрғын алабындағы тарихи орындарға арнайы ұйымдастырылған тазалық акциясына қала жастары қолдау көрсетіп, белсенділік танытты. Дәстүрлі экоакцияға ішкі саясат және жастар істері…
Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен төзімді қажет ететін, ел игілігіне бағытталған абыройлы міндет. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметші болу үшін түрлі этаптардан, сонымен қоса сынақ мерзімінен өту керек. Көп ішінен іріктеліп, оза шыққан маман мемлекеттік қызметші атанады Мемлекеттік қызметте ұзақ жыл еңбек ету үлкен күш-жігерді…
Шымкентте медициналық емхананы таңдау науқаны басталды. Бұл науқан 15 қыркүйектен басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сауле Сансызбайқызы баспасөз брифингінде хабарлады.
2,5 ПАЙЫЗДЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ: 129 ЖАС КӘСІБІН БАСТАДЫ
Пятница, 15 Сентябрь 2023 04:53 Автор Редакция
Шымкентте биыл жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жобасы басталғалы бері 300-ден астам азаматтан өтініш түскен. Бүгінгі таңға 164 адам оң қорытындысын алған. Оның ішінде 129 азаматқа шағын несие беріліп, басым көпшілігі өз кәсіптерін бастап кетті.
Шымкенттің аумағы кеңейіп, 2014 жылы қалада жаңа аудан құрылды. Оған жазушы Мархабат Байғұт ағамыздың ұсынысымен Қаратау атауы берілді. Осы уақыт аралығында Қаратауда жаңа шағынаудандар қосылып, еңселі ғимараттар бой көтеріп, шаһар жаңа бағытта дами бастады. Қаратау ауданына қарасты Тұран шағынауданы – миллионды мегаполистің жаңа келбетін айшықтап, күннен-күнге…
Еліміздің Көлік министрлігінің жоспарына сәйкес, 2026 жылы қаланың оңтүстік-шығысында жалпы ұзындығы 48 шақырымды құрайтын 1-санаттағы айналма жолының құрылысы жүргізіледі. Жол Ташкент қаласы мен Алматы, Қызылорда бағыттарындағы көлік қозғалысын байланыстыратын болады.
Қайтпас шағынауданындағы 55 көшенің қазір 50-і асфальтталған, 5-еуіне шағал тас төселген. Биыл осы шағынаудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сондықтан Ер Жәнібек және атауы жоқ №1,2,3,4 көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.