Шымкент қаласында ҚР ТЖ министрлігінің нұсқаулығына сәйкес, «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық екі күндік оқу-жаттығуы өтті. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдары, қаланың азаматтық қорғау қызметтері, №35748, 6506, 10216 әскери бөлімдерінің, ТЖ департаментінің күштері мен құралдары атсалысты.
Биыл «Еңбек күні» мерекесінде әртүрлі салада қызмет етіп жүрген үздік мамандарға мемлекет деңгейінде құрмет көрсетіледі. Қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін мерекені Шымкент қаласындағы ұйымдастыру барысын мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде баяндады.
Шымкент қаласындағы ерекше күтімді қажет ететін жастар Цитадель көне қалашығына экскурсия жасады. Игі іс-шараға Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйытқы болды. Басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі жастарға кедергісіз орта қалыптастыру, өмір сүру сапасын арттыру.
Шымкент қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл тамыз айында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы» аясында көппәтерлі 15 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының теңгеріміндегі коммуналдық 21 көппәтерлі тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары…

ЖАҚЫН КҮНДЕ – ЖАЙЛЫ ҚОНЫС

Среда, 13 Сентябрь 2023 04:38 Автор
«Qamqor» бағдарламасына қатысуға өтініштер 25 қыркүйекке дейін қабылданады Мегаполис аумағы кеңейіп, қала қарқынды дамыған сайын Шымкент тұрғындарының саны да жылдан-жылға өсіп келеді. Осы орайда мемлекеттік бағдарлама аясында пәтерлі болған отбасылар саны да жыл сайын артып отыр. Мәселен, шаһарда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспана кезегінде тұрған…
Бизнес-идеяларын жүзеге асырып, кәсіп бастаймын деген шымкенттіктер 11 қыркүйектен бастап қайтарымсыз грант алуға өтініш бере алады. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеді.
Қаратау ауданының аумағына 18 елді мекен кіреді. Шымкент қаласының 19 500 гектарын алып жатқан аудандағы тұрғындардың саны 190 мыңнан асады. Қаратауға қарасты – 595 көше, 7 – демалыс орны бар. Елді мекен тұрғындарын мазалаған өзекті мәселелер жыл сайын кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Бұл туралы Қаратау…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков алғашқы жұмыс күнін «Көрме» орталығында қала тұрғындарын қабылдап, жергілікті халықтың талап-тілектерін тыңдаудан бастады. Қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауында 300-ден аса тұрғын өтінішін білдірді.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тікелей тапсырмасы бойынша Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында 3 деңгейлі жолайрығының ең жоғарғы эстакадасы – Бәйдібек би даңғылы көлік қозғалысына ашылды. Оқу жылының басталуына орай жиілейтін көлік қозғалысы ескеріліп, құрылыс қарқыны күшейтілген болатын.
Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні. Бұл күннің маңыздылығы зор. Себебі отбасы – адам өміріндегі ең қастерлі ұғым. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Отбасындағы дұрыс тәрбиенің арқасында адам бойындағы асыл қасиеттер қалыптасады. Туған-туысқа, бауырға деген сүйіспеншілік Отанға деген махаббатқа ұласары хақ. Сондықтан да отбасы…