Қазақстанда тұрғындар енді сенімхаттарды «eGov Mobile» арқылы онлайн форматта рәсімдей алады. Бұл Әділет министрлігі тарапынан көрсетілетін қызмет түрлерін цифрлық жүйеге ауыстырудың нәтижесінде қолжетімді болып отыр.Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Шымкент қаласына келген жұмыс сапары кезінде жергілікті тұрғындарымен кездесу барысында хабарлады.
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ІV сессиясы өтті. «Татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі» деген тақырыппен ұйымдастырылған басқосуға Шымкент қаласының әкімі, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Мұрат Әйтенов қатысты.

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫ ҚАЗІРДЕН

Пятница, 26 Май 2023 04:46 Автор
Шаһарда 2023-2024 жылдарға жылу маусымына дайындық жұмыстарына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде. Қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылатын көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелердің дайындықтары пысықталып, өзекті мәселелер талқыланды.
Қаратау ауданында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. 2021 жылы 31 көше жарықтандырылған болатын. Өткен жылы ауданда 27 көшені жарықтандыру жұмыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында атқарылды. Ал биыл ауданда 30 көшені жарықтандыру жоспарда.
Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау, тұрақтандыру бойынша кезекті баспасөз-туры ұйымдастырылды. БАҚ өкілдері, жұмысшы топ алдымен халық тығыз орналасқан Shymcity шағынауданы «Маркет» сауда орталығындағы бағаны бақылады. Онда нан 90 теңге, сиыр еті 2350 теңгеден сатылып жатыр. Сауда нүктесі 2019 жылы ашылған болатын.…
Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Биыл Шымкенттегі мектептерде 9 сыныпты 21 485 және 11 сыныпты 11 653 түлек аяқтайды. Әйткенмен соңғы қоңыраудың соғылатын күні маусымға дейін ұзармақ.
Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары жалғасып жатыр. 22 мамырда елімізге қосалқы бөлшектер түрінде әкелінген конструктор көліктерді тіркеу басталған.
Шымкентте қала тазалығы күн тәртібіндегі мәселе. Қаланы таза ұстау, қоқыстарды дер кезінде тасымалдау, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынған. Атап айтқанда, қала аумағында бүгінде 610 қоқыс алаңшасы, 2627 қоқыс контейнері, 205 сеткалы контейнер, 125 фракция (құрғақ және дымқыл) контейнер орнатылған. Сондай-ақ, құрамында…
Шаһарда шағынаудандар мен тұрғын алаптарда инженерлік-инфрақұрылым жұмыстары қарқын алып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруда ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері құрылыс қыза түсті. Жаңа шағынауданда жаңа саябақтың іргетасы қаланды, мердігерлер уәде еткендей тасымал су ішіп отырған үш елді мекендерде құбыр тарту жұмыстары аяқталуға таяу…

FlyАrystan жаңа рейстер ашты

Пятница, 19 Май 2023 04:41 Автор
Шымкентте халықаралық рейстер жанданатын болады. Бұл туралы FlyArystan әуе компаниясы және Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған брифингте айтылды. Еліміздегі жетекші лоукостер – FlyArystan әуекомпаниясы Шымкенттен ішкі және халықаралық, маусымдық тұрақты рейстерді жандандыратыны туралы атап өтті.