Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салтын ұстан» жиыны өтті. Оған сала қызметкерлері мен Жоғары медицина колледжінің студенттері атсалысты.
Жастар ресурстық орталығының бастамасымен Жол-көлік колледжі студенттері арасында «Мазасыздық деңгейін диагностикалау» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Он күн дәрігерлердің жіті бақылауынан соң, Шымкенттегі қалалық №1 клиникалық ауруханасындағы 200-ші бүйрек трансплантациясы жасалған науқас кеше отбасымен қауышты. Аталмыш денсаулық сақтау ұйымында 10 жыл ішінде 200 трансплантация отасы жасалған.
Шымкент қаласында халықаралық отбасы күні мерекесіне орай «Отбасым – Отанымның тірегі» атты форум өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, отбасы құндылықтарының маңызы жайлы ойымен бөлісті.
Шымкенттіктер халықаралық Отбасы күніне ерекше ықыласпен атсалысты. Аталған мерекеге орай, Қажымұқан атындағы орталық стадионда желаяқ жұптар жарысқа түсті. «Махаббат марафоны» атты эстафеталық жарысқа қаламыздан 30-ға жуық отбасы қатысып, бақ сынады.
Шымкент қаласындағы Көрме орталығында Bal Tekstil ЖШС кілем фабрикасының құрылғанына 10 жыл толуына орай отандық кілем форумы өтті. Отандық кілем өндірісінің дамуына арналған республикалық форумға 400-ден астам бизнес қауымдастық өкілі, кәсіпкерлер қатысты.
Шымкентте «Жасыл қала» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында арнайы жиын өтті. Бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері талқыланған жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен Еуропа қайта құру және даму банкінің Орталық Азия бойынша өкілі қатысып, бірлескен іс-шаралар жоспарын пысықтады.
Тұран ауданында инженерлік-инфрақұрылымды дамыту, көшелерді жарықтандыру, әлеуметтік нысандар, балалар ойын алаңшасын салу жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Биыл ауданда 22 көше жарықтандырылып, 22 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады. Ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында баспасөз туры ұйымдастырылды.

АСАР-2: 4 КӨШЕ ЖӨНДЕЛУДЕ

Пятница, 12 Май 2023 05:36 Автор
Шымкент қаласының «2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына» сәйкес, мегаполистің ішкі орам көшелеріне кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, шағынаудандар мен тұрғын алаптар инфрақұрылыммен қамтылып, жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда.
Шымкентте бесінші ауданның құрылуына байланысты қаладағы шалғай елді мекендерде инфрақұрылым жұмыстары жаңа леппен қарқын алды. Мәселен, бұрын Қаратау ауданына қарайтын Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен саяжайы 2023 жылдың қаңтарынан бастап Абай ауданының құрамына енді. Қазіргі таңда Қайнарбұлақтың жолдарын жақсартып, көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша 2 елді…