Кезіндегі тарихи оқиғалардың салдарынан түрлі этнос өкілдері елімізге қоныс аударды. Берекелі қазақ жері миллиондаған тағдырды тоғыстырды, пана болды. Пайымды парасат пен терең түсіністіктің арқасында талай ұлттың өкілдері қиын-қыстау шақтың ауыртпалығын еңсерді, қазақ жерінде өнді-өсті, бақытын тапты.
ҒЫЛЫМДЫ ТӘЖІРИБЕГЕ ЕНГІЗГЕН КӘСІПОРЫННЫҢ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСТЫ
Среда, 26 Апрель 2023 05:40 Автор Редакция
Қаламыздағы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і әр тоқсан сайын ақпараттық тур өткізіп тұрады. Екінші тоқсандағы турға қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, үй төрағалары мен төрайымдарын шақырып, кәсіпорынның «Диспетчерлік қызмет орталығы», «Су сапасын бақылау зертханасы» «Сарқынды су тазарту құрылғылар кешенінің» жұмысымен таныстырды.
Еңбекші аудандық Жастар ресурстық орталығы «Мамандығым — болашағым» тақырыбында экскурсия ұйымдастырды. Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №28 жалпы орта мектептің оқушылары «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейіне барып, ел тарихымен танысты.
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ «QAMQOR» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
Среда, 26 Апрель 2023 05:23 Автор Редакция
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен «Отбасы банк» АҚ-ның төрайымы Ляззат Ибрагимова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Мемлекет жалдау ақысын субсидиялайды Мемлекет тарапынан халықты тұрғын үймен қамтуда елімізде түрлі бастамалар жүзеге асып отыр. Игі жобалардың арқасында жыл сайын қаншама баспанасыз жүрген азаматтар қоныс тойын тойлауда. Ал, пәтерлі болудың әрекетінде жүріп, өздері жалдамалы үйді паналап отырған халықтың жағдайын да мемлекет ұмыт қалдырған жоқ.…
«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ»: 150-ДЕН АСТАМ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ
Пятница, 21 Апрель 2023 06:41 Автор Редакция
Елімізде халықтың мемлекеттік қаржыны басқару мен бақылауға қатысуына бағытталған бастамалар қолға алынған. Соның бірі – «Халық қатысатын бюджет» жобасы.
«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек». Бұл Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында берген тапсырмасы болатын.
өтінім қабылдау басталды Шымкентте жастарға төмендетілген пайызбен шағын несие беруге өтінім қабылдау басталды. Биыл қалада 261 жасқа жеңілдетілген несие беру көзделген. Ол үшін республикалық бюджеттен 1 млрд 305 млн. теңге бөлініп отыр. Шағын несиелер агронесие корпорациясы арқылы үлестіріледі. Қазір Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығында үміткерлерден…
Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрбол Жүнісбековтің қатысуымен брифинг өтті. Онда басқарманың 2023 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыстары туралы айтылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысына сәйкес, Шымкент қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясы…