«SHYMKENT INVESTMENT - 2023»: ОҢТҮСТІК ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КАТАЛИЗАТОРЫНА АЙНАЛМАҚ
Пятница, 24 Март 2023 05:03 Автор Редакция
Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «SHYMKENT INVESTMENT - 2023» өңіраралық инвестициялық форумы өтті. Ауқымды шарада еліміздің оңтүстік өңірлерінің — Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласына инвестициялық түсімді арттыру, экономикалық тұрғыда дамыту мен өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
«Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде Наурыз мерекесі аясындағы «Тарихқа тағзым» күнінде биыл ел ағалары демеушілік жасап, балаларға қуаныш сыйлады. Бұл күні ас та төк дастархан ғана емес, тарихымыз түгенделді.
Шымкентте Астана алаңында «Шырқа, Наурыз» атты гала концерт өтті. Мерекелік концертте ән салған еліміздің танымал жұлдыздары қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады. Концерттің шымылдығын Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов «Сарыарқа» әнімен ашты.
Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлерде кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа реформасы – Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе Жай серіктестіктер (ЖС) құрылуда. Жүйенің басты артықшылығы – кондоминиум нысандарын басқару органына меншік иелерінің тарапынан бақылауды қамтамасыз ету, басқару органдарының қызметінің ашықтығын арттыру, ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің жаңа…
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтіп жүр. Шымкент қалалық ҚХА жанындағы құрылымдар, этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Достық үйінің» алдына киіз үй тігіліп, салтанатты жиын ұйымдастырылды.
«Тең Қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында «Наурыз – мерекем, Наурыз – берекем» атты мерекелік іс-шара өтті. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай орталық өз келушілерін ұлттық мерекемен құттықтап, дастархан жайды. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Бақтияр Өнербаев, Шымкент қаласы жұмыспен қамту…
ҮШІНШІ МЕГАПОЛИС ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТУДА – КӨШ БАСЫНДА
Пятница, 17 Март 2023 05:56 Автор Бибайша НҰРЖАНҚЫЗЫ
Былтыр республика аумағында 2,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Ал, Шымкентте өткен жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 70 мың шаршы метрге жетіп, жылдық жоспар асыра орындалған. Пайдалануға берілген тұрғын үй бойынша Шымкент қаласы көш басында тұр. Бұдан бөлек, биыл шымкенттіктерді баспаналы ету мақсатында…
Санаулы күндерден соң елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтеді. Бұл – еліміздің болашақ даму бағытын айқындайтын аса маңызды саяси науқан. Сондықтан әрбір сайлаушы ел тағдырына жауапты екенін сезіне отырып, сайлауға белсенді түрде қатысуы тиіс.
Бұл сайлау – өткен сайлаулардан өзгеше. 19 наурызда өтетін саяси додада Мәжіліс пен мәслихаттар аралас жүйемен жасақталып, 69 депутат партиялық тізім бойынша, 29 депутат бірмандаттық сайлау округы бойынша сайланады. Сондай-ақ, мәслихат депутаттары облыс, ел астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларда жартылай партиялық, жартылай можаритарлық жүйе бойынша…
Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрық құрылысының бүгінде 55 пайызы атқарылды.