немесе «Іскер қала» бағдарламасы – бизнеске қолдау көрсетудің тиімді құралы Қазақстанның қуатты мемлекет болуы өңірлердің өркендеуімен тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда алдағы жылдары Шымкент дотациялық аймақтан донор аймаққа айналуы тиіс. Негізінде 2018 жылы республикалық мәртебеге ие болған үшінші мегаполистің алдына ортақ қазынаға қол жайып қарамайтын, Алматы мен…
Бүгін – Алғыс айту күні. Бұл күннің жыл сайын мәні де, мазмұны да артып келеді. Көктемнің алғашқы күнінде елімізде адамдар бір-біріне деген ыстық ықыласын білдіріп, ризашылық жеткізуді дәстүрге айналдырды. Жұртшылық қаһарлы қыс бітіп, жайма-шуақ көктемді осылай қарсы алады. Бұл – мейірім мен ынтымақтың, достық пен…
Шымкентте 1 наурыздан бастап қаладағы барлық бағыттағы қоғамдық көліктер жолаушыларға кондукторсыз қызмет көрсетеді. Шаһарда «Кондукторсыз жүйе» жобасы өткен жылдың тамызында қолға алынған болатын.
Шымкент қаласында жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Өмірім – болашағымның ертеңі» атты жиын өтті. Оған қаладағы барлық мектептен келген 7-11 сынып оқушылары қатысып, мамандардың кеңесін тыңдады.
Қаратау ауданы — Шымкенттегі жас аудандардың бірі. Шымкент республикалық маңызы бар қала атанған тұста іргетасы қаланған ауданның құрамына облыстан елді мекендер қосылып, шаһардың солтүстік бөлігінде жаңа шағын аудандар пайда болды. Ауданды жан-жақты дамыту үшін кешенді жоспар түзіліп, бүгінде жұмыс кезең-кезеңімен атқарылып келеді. Біз Қаратау ауданының…
Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамы — қазақ елі үшін орны ерек мереке. Айтулы мерекеге «Шымкент-Цирк» ұжымы жаңа леппен дайындықты бастап кетті. Ұжымның шығармашылық ырғағы өз кемерінен асып, хас шеберлердің шабытына қанат бітіргендей. Күнделікті жаттығу, физикалық және атлетикалық тренингтер, жаңа қойылым дайындау, таңғажайып трюктерді меңгеру…
ҚР «Ақпарат саласының үздігі», «Мәдениет қайраткері» төсбелгілерінің иегері, қазақ журналистикасында алар орны ерек журналист Ертай Бекқұловты қаламгер замандастары еске алды. Басқосу Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің Абай кітапханасында өтті.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Шымкент қаласына жасаған сапарында Президент тапсырмасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Вице-премьер алдымен Оқушылар сарайының құрылыс барысын қарады. Әкімдіктің мәліметінше, ғимаратта шағын футбол, волейбол, баскетбол, воркаутқа арналған алаңдар бар. Онда 2 мың оқушы түрлі үйірмелерге қатыса алады. Нысан биыл пайдалануға…
Шымкентте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларды бұқаралық спортқа белсенді түрде тарту жөніндегі тапсырмасы тиянақты түрде орындалып жатыр. Мәселен, биыл Шымкент қаласында 20 мыңнан астам бала мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне қатысады. Осы мақсатта мемлекеттік бюджеттен жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы тиісті…
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы жиын өткізіп, жауын-шашын салдарынан шұңқырлар пайда болған жолдарды қайта қалпына келтіру бойынша бірқатар тапсырма берді. Бүгінде ойылған жолдарды жамау үшін әр ауданға 5 бригададан бөлініп отыр.