СПОРТ КҮНІНДЕ САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ Избранное

Среда, 21 Август 2024 05:49 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 740 раз

Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда спорт күні атап өтіледі. Бұл күнде сала қызметкерлері марапатталып, жанкүйерлер ерекше ықыласпен тойлайды. Үшінші мегаполистегі спортшылар тек қаламыздың ғана емес, еліміздің де абыройын әлемдік деңгейде арттыруда. Осы ретте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің қатысуымен спорт күніне орай өңірдегі спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан сала қызметкерлері мен ардагерлер марапатталды.

Sportttt

 

Сонымен қатар, салтанатты іс-шарада Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Нарымбетов Баһадүр Мәдәліұлы мен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков қатысты.
Сәрсен Абайұлы, Шымкент спортының дамуына үлес қосып келе жатқан спортшыларға ризашылығын білдіріп, тілегін арнады. 


— Сіздерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, мықты мемлекеттің негізі — дені сау ұлт. Бұқаралық спортты дамытудың басты бір құндылығы, міне, осында жатыр. Шымкент спортының айбынын асқақтатар жарқын сәттер әлі алда деп сенеміз. Спортты өркендету, спортшыларға жан-жақты қолдау жасау мақсатындағы жұмыстар жалғасын табады, — деді қала әкімінің орынбасары.

Г.БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.