Атом энергиясы – экологиялық және қауіпсіз сала

Четверг, 19 Сентябрь 2024 12:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 42 раз

460730868 18030193157201233 6389339971787397743 n

БүгінШымкентқалалыққоғамдықкеңесмүшесіРүстемАшетаев «Шымкентқаласыныңгазтехникалыққызметі» мекемесіндеболып, мекемеқыметкерлеріарасындаАЭСсалумәселесінталқылап, тақырыптыортағасалды.

Атом электр стансасын салу – мемлекеттік маңызы бар мәселе. Еліміздегі энергия ташылығын, электр энергиясын тұтынудың өсуін ескерсек, елді тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін электр энергиясын өндірудің жаңа түрін енгізу керек. Әзірге мамандар энергия ташылығына АЭС салу шешім болады деген пікірде. Осыған орай қызметкерлердің пікірін тыңдап, келе жатқан референдумға белсенді атсалысудың маңызын жеткізген Рүстем Есімханұлы да сараланған өз тұжырымын жеткізді.

– Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында 6 қазан күні болатын референдум өтетінін айтқан болатын. Әрине, бұл өте маңызды шара. Өйткені референдум арқылы біз халық үніне құлақ асып, азаматтардың АЭС салу мәселесін қаншалықты қолдайтынын көреміз. Осы науқанда барынша белсенді болып, өз таңдауларыңызды жасаңыздар. Сонда ғана мемлекеттігіміз, біртұтастығымыз көрінеді. Өз тарапымнан атом энергетикасын пайдалануда энергия көзін дұрыс өндірудің қатаң стандарттары мен халықаралық бақылау сақталады, сондықтан да ол қауіпсіз болып саналады. АЭС құрылысы басталмас бұрын жан-жақты зерттеу, лицензия алу және экологиялық сараптама сияқты бірқатар жұмыстар атқарылады. Атом энергиясы – ең озық әдістерді қолданатын жоғары технологиялық, экологиялық таза және қауіпсіз сала. Ол қазіргі ғана емес, сонымен қатар орта мерзімдегі климаттық мәселелерді шешуге қажетті бағыт дегенді айтқым келеді, – дейді қоғам белсендісі.

Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері талқылау барысында туындаған сұрақтарға жауаптарын алды.

«Шымкент келбеті»

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Орнықты дамудың кепілі