Құқығыңызды білмесеңіз, опық жейсіз

Среда, 03 Май 2023 05:30 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 429 раз

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттер туындап жатады. Оған көбіне қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алудан немесе ысырап етуден, жалған жауап беруден немесе жауап беруге жалтарудан, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау сынды әрекеттер себепші болады.

 

Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді түрде күресу үшін халық өзінің құқығын толық білуі тиіс. Осыған орай, олардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар жиі өткізіледі. Дегенмен, бұл мәселе әлі де күн тәртібінен түсер емес. Сондықтан, қоғамның барлық салаларында сыбайлас жемқорлық әрекеттердің көріністерін жою, халық сенімін нығайтуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қолға алынып отыр. Солардың бірі — ҚР АШМ АӨК МИК Шымкент қалалық аумақтық инспекциясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес әрекеттер. Инспекция мамандары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Жыл сайын «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының, Ар-намыс Кодексінің нормалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік қызмет және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын насихаттау мақсатында семинарлар, дөңгелек үстелдер, құқықтық оқулар өткізіп отырады.
Сонымен қатар, инспекция ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған. Ал, инспекция басшысы әр аптаның сәрсенбі күні сағат 16.00-18.00 аралығында, инспекция басшысының орынбасары әр аптаның жұмасында сағат 16.00-18.00 аралығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. ҚР Президентінің №153 29.12.2015 жылғы Жарлығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексін бұзу фактілері орын алған жағдайда хабарласатын сенім телефоны жыл сайын мерзімді басылымдарда жарияланып отырады.

С.АТЫХАЕВ,
ҚР АШМ АӨК МИК Шымкент қаласы бойынша аумақтық
инспекциясының бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.