ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ТІЛ ҮЙРЕНУГЕ ЫНТАСЫ ЗОР

Среда, 03 Май 2023 05:29 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 424 раз

Тіл — мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі.

 

Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында Шымкент қалалық тілдерді оқыту орталығы ересек тұрғындармен тығыз жұмыс жасап келеді.
Қазақ қашанда қонақжай халық қой. Жуырда Ресейден келген бір топ азамат орталыққа тіл үйренуге деген ниетін білдірді. Олардың басты мақсаты —осы елдің тілін үйрену, мәдениеті мен әдебиетін тану, қала тарихымен танысу т.б. Таңқаларлығы сол, аз ғана уақыттың ішінде өткен дәрістерден сабақ алып, сөздік қорын байытып алды. Бүгінде өздерін қазақ тілінде таныстырып, күнделікті қажетін дүкеннен сатып ала алады. Аялдама, мекен-жайларды да жаттап алған. Ал, атшабарда өткен Наурыз мерекесінде қазақтың салт-дәстүрімен танысып, наурызкөжеден дәм татты. Қазақтың ұлттық киіміне деген қызығушылықтары да ерекше. Қазақтың ұлттық бас киімі тақияны сатып алып, күнделікті киіп жүр.
Елімізге келген әрбір шетелдік қонақ қазақ халқының бірлігін, тұтастығын, қонақжайлылығын көріп таңданып жатады. Ал, біздің орталық «қазақ тілін үйренемін» деген әрбір тіл үйренушіге көмек беріп, үйретуге дайын. Ал, бастапқы білімді әрі қарай дамытып, жетілдіріп, тілдік қорды байыту — әр тіл үйренуішінің қалауы. Біз шетелдік саяхатшылар мен еліміздегі өзге этнос өкілдеріне қазақ тілін үйретіп жүргенімізді мақтан тұтамыз.

Гүлнар ЕСЕПБАЕВА,
Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының
оқытушысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.