ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ

Пятница, 30 Июнь 2023 04:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 759 раз

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу мақсатында бірқатар жоспарлы шара бекітілген. Қатаң бақылауда ішкі талдау жүргізіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жұмыстары жүзеге асырылуда. Ең алдымен болжамды себептер мен жағдайларды анықтау көзделген.

 

Заңсыз әрекеттің тәуекелдерін төмендетуде цифрлық технологияларды енгізу маңызды рөл атқарады. Басқарма тарапынан мемлекеттік қызметтерді 100 пайыз электронды форматқа көшіру бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Қазіргі таңда басқарма 9 ақпараттық жүйемен жұмыс жасайды. Атап айтқанда, «Е-халық», «АИС-Е-собес», «АХАТ тіркеу пункті», «Еңбек нарығы», «Enbek.kz», «АИС-Шетел жұмыс күші», «АИС-Қандас», «Е-акимат», «Е-лицензиялау» порталдары. Жыл басынан бері аталмыш жүйелер арқылы 33 қызмет түрі бойынша 130 мыңнан астам мемлекеттік қызметтер көрсетілген болса, оның ішінде 51 842, яғни 39,7 пайызы электронды түрде көрсетілген.
Жыл басынан мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді. Мәселен, протездік-ортопедиялық көмек құралдарға мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 4024 өтініш қабылданып, 2 361-і қажетті құралмен қамтылды. Сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға 10 718 өтініш қабылданып, 8 986 құралдармен қамтылды. Мүгедектерге арналған қол арба құралдарына 698 сұраныс түсіп, 566 азамат қажетін алып отыр. Сонымен қатар, 9 мыңнан астам азаматтан шипажай орындарына емделу үшін өтініштер қабылданып, 2 278 азаматқа жолдама берілген.
Әлеуметтік портал мен ЭЦҚ-мен жұмыс жасау үшін мүгедектігі бар азаматтарға Басқарма ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамасы ұйымдастырылған және қызметкерлер тарапынан әрбір адамға жеке көмектер көрсетілуде.

Шымкент қаласы
жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
басқармасы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.