Ұранды елдің – ұрпағы қайсар Избранное

Среда, 23 Август 2023 07:02 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 520 раз

Шымкентте өткен екі күндік «JAS SARBAZ – 2023» әскери-патриоттық турнирге 12 мектептің «Жас сарбаз» сыныптарының оқушылары қатысты. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін жарысты қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы білім басқармасымен бірлесе ұйымдастырды.

131

 

–Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Қазақстан – ортақ үйіміз. Елімізді қорғау барлығымыздың азаматтық парызымыз», деген болатын. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Өйткені, ол тек әскери тәртіпке ғана емес, білімге, достық пен адалдыққа және тапқырлыққа жетелейтіні мәлім. Ал, бүгінгі жиынның мақсаты – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, ел мен жер болашағына деген жауапкершілікті сезіндіру, – деді жиынға қатысқан Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысының орынбасары
Серғазы Әбілқайров.
Бүгінде шаһардағы «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптарда 100-ден аса оқушы білім алуда. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған сайыста оқушылар екі күн бойына кермеге тартылу, футбол, волейбол, шалқалап жатып денені көтеру, қаруды шашып, қайта құрау, қорғаныс және әскери киімдерді жылдам кию, 100 метрге жүгіру және әскериленген эстафета бойынша бақ сынады. Патриоттық жарыстың осы жолғы ерекшелігі – садақ ату ұлттық спорты енгізіліп отыр.

Б.НҰРЖАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.