–Байқау жеңімпаздарын, яғни еліміздің даму жолында аянбай еңбек етіп жүрген өндіріс саласының қызметкерлеріне, біліктілігімен көзге түскен жас мамандарға алғыс айтқым келеді. «Еңбек күнін» белгілеу бұл – тәуелсіз еліміздің барлық саласындағы қызметкерлердің адал да абыройлы еңбегінің бағасы.
Президент Қ.Тоқаев атап өткендей еңбек адамының мәртебесін көтеруге баса мән беру – ел болашағының жарқын кепілі деп білемін,– деді Бағлан Бағдатұлы.
Жиында «Өндірістің жас қызметкері» номинациясымен «Бал текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тоқымашысы
Қанат Арапбаев, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясымен «ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС-нің №3 технологиялық цех бастығының орынбасары Қайрат Мірхайдаров, «Үздік еңбек әулеті» номинациясына «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік инспекторы Рысбек Тұрғанұлы ие болды. Жеңімпаздар «Еңбек жолы» байқауының республикалық кезеңінде Шымкент қаласының атынан қатысатын болады.
Гүлнұр БАЛАБАСОВА