«ZHAS PROJECT» ЖОБАСЫ NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ Избранное

Среда, 11 Октябрь 2023 04:18 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 588 раз

Шымкент қаласында жастарға арналған «ZHAS PROJECT» әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаржылық қолдауымен, ҮЕҰ үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік грант шеңберінде қолға алынып отыр.

606

 

Аталған әлеуметтік жоба бойынша «Қорған-М» қоғамдық бірлестігінің менеджері Диляра Қырғызбаева және қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов баспасөз брифингін өткізді.
Жобаның мақсаты – Шымкент қаласы жастарының проблемаларын шеше отырып, әлеуметтік жобаларды танымал ету, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жастар идеялары мен жобаларына қолдау көрсету. Диляра Қырғызбаеваның айтуынша, әлеуметтік жоба 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың қазанына дейін іске асырылады. Жоба аясында NEET санатындағы жастар үшін жыл сайын 1 000 000 теңгеге дейінгі сомада 28 грант бөлу жоспарлануда.
Қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы М.Исахов қала жастарын аталған жобаға қатысуға шақырды.
– Қалалық жастар ресурстық орталығы өтінім беруші азаматтардың құжаттарын рәсімдеу, кеңес беру бойынша қолдау көрсетеді. Әлеуметтік салаға негізделген конкурс жұмыссыз азаматтардың санын азайтуға септігін тигізеді. Шымкент қаласына жалпы 20 грант бөлініп отыр. Әр жоба жеңімпазына 1 млн теңге қарастырылған. 18-35 жастағы жұмыссыз азаматтар үшін зор мүмкіндік болғандықтан, қала жастарын белсенді қатысуға шақырамын, – деді жастар ресурстық орталығының басшысы.
Өтініш беруші ұсынған жоба жергілікті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталуы керек. Жастардан өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 9 қазаннан бастап, 2023 жылғы 22 қазанға дейін жалғасады. Өтініш беруші конкурсқа қатысу үшін тек 1 әлеуметтік жобаны ұсына алады. Жоба жеңімпаздары 1 қараша күні анықталады.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.