АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚ ҚАСЫҢЫЗДА ЖҮР! Избранное

Пятница, 15 Март 2024 05:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 428 раз

Бүгінгі таңда кең таралып жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі – интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Ғаламтордағы әккілер әсіресе, әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр. Алаяқтардың арбауына түскен адамдар аз емес және оның торына кез келген адам түсіп қалуы мүмкін. Интернет кеңістігінде интернет-алаяқтарға алданып қалмаудың бір жолы – құқықтық сауаттылықты арттыру.

sot11

 

Шымкент қаласының полицейлері қаладағы бес аудан тұрғындарының, яғни алқа билерін, ақсақалдарын, қоғам белсенділері мен жанашырларын, блогерлердің басын қосып интернет-алаяқтардан сақтану жолдары мен олардан қорғанудың тәсілдерін меңгеру қажеттігі жайында ауқымды жиын өткізді.
Департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Арман Бейсенбаев соңғы кезде белең алып бара жатқан интернет-алаяқтықтың түрлеріне тоқталып, бүгінгі күнге дейін 911 қылмыс тіркеліп, қала тұрғындарына 870 миллионнан астам шығын келтірілгенін айтты.
– Көп жағдайда бұл қылмыстың түрі алдын-ала төлем жасау арқылы, анығын айтқанда Olx.kz, Krisha.kz, Kolesa.kz сайттарынан сауда жасау кезінде орын алуда, – деді ол. – Алаяқ өзінің арам ойын қарапайым жолмен жүзеге асырады. Ең алдымен, Olx.kz сайтына арзан бағада тұрмыстық техника, бағалы әшекей, қымбат гаджеттер мен смартфондарды өз бағасынан 2 есе арзан бағада жариялайды. Сіз қызығушылық танытып, оны алуға тырысқанда әр түрлі манипуляцияларды қолданып, алдын-ала төлем жасауды сұрайды. Төлем жасалғаннан кейін ақшаңызбен бірге жоғалып кетеді немесе сізге сапасы төмен өнімді жібереді.
Полиция полковнигі халықтың қалтасын жымқыруды ойлаған алаяқтар Kolesa.kz сайтында да көбейгенін атап өтті.
Алаяқтардың полиция, банк қызыметкері, сот орындаушы немесе Ұлттық банктің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр деп қоңырау шалуы да жиілеп келеді. Осылайша, карта мәлеметтерін, құпия SMS-код пен онлайн банкингтің құпия сөзін сұрап алып, әккі ойларын жүзеге асыруда. Мұндай жағдайда ешкімге ешқандай мәлімет берместен, тұтқаны қойып, керісінше полицияға не болмаса банктің өзіне қоңырау шалу керек.
Интернеттерде, нақтырақ айтсақ Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде «ҚазМұнайГаз-ға инвестиция салып, жоғары табысқа кенел» деген жарнама қаптап жүр. Бұл да – алаяқтардың айла-шарғысы.
Арман Бейсенбаев қала тұрғындарын интернет-алаяқтыққа қарсы бірлесе күресуге және құқықтық сауаттылықты арттыруға шақырды.

Ө.Алтаева

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.