Шымкент қаласындағы М.Əуезов атындағы ОҚМУ ұжымы елордамыздың Нұр-Сұлтан аталуын бірауыздан қолдады.
Оқу орнында өткен жиынға университеттің басшылары, Жоғары мектеп және факультет декандары, кафедра меңгерушілері, ардагер ұстаздар, ғалымдар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
ЖОО ұстаздары мен жастары Тұңғыш Президентімізге алғыс айта отырып, бұл эстафетаны Түркістан облысының жастарына жолдады.