Димаш – қай елде де Димаш!

Среда, 27 Март 2019 05:43 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2628 раз

23 наурызда қазақстандық танымал әнші Ресейдің НТВ арнасының «Орталық телеарна» бағдарламасына қатысып, Игорь Крутойдың әуені, Лара Фабианның сөзіне жазылған «Мадемуазель Хайд» туындысын бірінші рет орындады.

6413598

Орындады деген жәй сөз, дүйім елді осы классикалық туындымен толқытты да тебірентті. Ал 22-23 наурыз күндері Кремль сарайында жеке концертін берді. Қос концерті де аншлагпен өтті. Мәскеуге Димаштың жанкүйерлері әлемнің төрт бұрышынан, 56 елден келді. Шымкенттен де 50-ге жуық көрермен арнайы барды. 

Мәскеудегі дебюттік концертінде Димашты қолдау үшін Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов, Ресей премьер министрінің жұбайы Светлана Медведева, әнші Анита Цой, өз отандастарымыздың қатарында танымал өнер адамдарынан Ұлықпан Жолдасов қатысты.

Димаштың өзі концерті туралы берген шағын сұхбатында: «Тыңдармандарымның риясыз ықыласынан кейін өзімді Майкл Джексон сияқты сезіндім» - деп жауап берген. Бұған дейін Лондондағы жеке концерті де сәтті өткенін орындаушының жанкүйерлері жақсы біледі. Ал The World’s Best – «Әлемнің ең үздігі» байқауында мәреге аз қалған сәтте мәлімдеме жасап, өз орнын жастарға босатып бергені де сүйсінерлік жағдай.

Қай жерде, мейлі, қай елде де Димаш – сол Димаш. Өзінің қарапайым қазақи қалпынан танбай, ұдайы ана тілінде, қазақтың тілінде үн қатады. Әнін жанды дауыста жаныңды жеп айтады. Сол үшін біз Димашпен қалай мақтансақ та жарасады.

Последнее изменение Среда, 27 Март 2019 06:15
Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.