Бүгінде әлем күніге мың құбылып тұр. Мынаның жайы мынадай болады деп тайға таңба басқандай анық айту мүмкін емес. Шағын ұлттардың озбырлығы басым, дегенін істетпей қоймайтын үлкен ұлттардың жемсауына торға түскен балықтай жұтылып жатқанын көзіміз көріп отыр. Осындайда ұлт өз болмысын қалай сақтап қала алады?! Бұл…
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімдігін әлі күнге дейін халық біле бермейді. Дегенмен, МӘМС арқылы көп жағдайда тегін ем алуға мүмкіндік бар. Осы саладағы оң жетістіктер мен тұрғындарды сақтандыру жүйесімен қамту мәселелері туралы қор филиалының директоры Сәбит ҚҰРАЛБЕК айтып берді. – Жекеменшік медициналық ұйымдар МӘМС…
Мемлекет тарапынан жыл сайынғы қайтарымсыз грант беріліп жатыр. Алғашқы жылдары жеті-сегіз мың адам өтініш беріп, сілелеп қалғанбыз. Бұл өзі негізінен әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларға арбасын өзіне сай жеңілдікпен сүйреуге арналған жоба ғой. Шағын кәсіп ұсынған жетім-жесір, асыраушысы жоқ отбасы, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалалы…
Еліміздің батысындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілері мен қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Шымкентке оралды. Антқа адалдығы үшін алғыс айтты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 300 әскери қызметшісі мен 17 техникасы бар әскери эшелон Бадам ауылына оралды. Жеке құрамды…
Қазақстанның Конституциясы алғаш рет Брайль әліпбиінде жарық көрді. Бұл туралы ҚР Конституциялық Сотының баспасөз қызметі мәлім етті. Бүгін Конституциялық Сот алғаш рет Брайль шрифтімен мемлекеттік және орыс тілдерінде басылып шыққан Қазақстан Республикасының Конституциясының тұсаукесерін өткізді. «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Қазақстанның Ата заңының мәтінін көру қабілеті…
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты Президент Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылы ротасының бастығы салтанатты шараға дайындығы жөнінде Мемлекет басшысына рапорт берді. Содан кейін еліміздің Әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.
ЕЛТАҢБАМ – ЕЛДІГІМ, БАЙРАҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ, ӘНҰРАНЫМ – АЙБЫНЫМ!
Среда, 05 Июнь 2024 05:42 Автор Редакция
«Тәуелсіздік» саябағында Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ту көтеру рәсімі мен салтанатты іс-шара өтті. Онда мемлекеттік рәміздеріміз ұлықталып, жастар мерекелік шеру ұйымдастырды. Жиынға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қала тұрғындары мен жастар қатысты.
Оңалту орталығына кірген бетте көздің жауын алатын қолөнер бұйымдарына көз түседі. Мұншалықты сұлу дүниені кім жасады екен деп ойлайсыз. Нұсқаушы бұл заттардың орталықтан қызмет алушылар қолынан шыққанын айтты.
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік обьектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау тәртібін сақтау және ҚР 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-І «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 12- бабына сәйкес, тұқымдық және отырғызу материалдарын мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау мақсатында, Шымкент қаласының аумағында республикалық «Көшет» акциясы жарияланды.
Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында Әскерилендірілген теміржол мекемесінің қызметкерлері арнайы дәріс өтті. Онда мемлекеттік тілдің дамуына назар аудару, әсіресе өңірлерде тиісті дәрежеде қолға алу мәселелері талқыланды.