Ұлы ерлiк 70 күн ұлықталады

Пятница, 27 Март 2015 06:01

Жеңістің 70 жылдығына орай облыстық жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы «Жастар орталығы» КММ-нің қолдауымен «70 күн – 70 игі іс» атты шарасы басталды.

Мерекелік шара аясында білім ордаларында 70 күн бойы фотоплакаттар көрмесі, тәлімгерлік сағаттар, дөңгелек үстел өткізіледі. Сондай-ақ, арнайы сайыстар, патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылады.
Мерекелік шараның алғашқы күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттерінің фотоплакаттар көрмесімен ашылды. Жастар орталығының белсенділері, профессор-оқытушылар және студент жастар ерлігімен ел есінде қалған майдангерлерді құттықтады.
Шара аясында “Ешкім ешқашан ұмытылмайды!” ұранымен Мәңгілік алау оты тұтанды. Игі шараға ардагерлер жылы лебізін білдіріп,  алғысын айтты.

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы – Мәңгілік ел идеясы: Тарихи тағдыры мен тағылымы» атты халықаралық конференция өтті.

Оған Қытай, Түркия, Германия  елдерінен тарихшылар, ғылыми-зерттеу институтының жетекшілері, түркітанушы ғалымдар қатысты. ОҚМПИ-нің ректоры Оңалбай Аяшев конференцияға келушілерді құттықтап, ұлттық мәдени мұраларды түгендеу, тарихтың ашылмаған ақтаңдақ беттеріне ден қою   керектігін еске салды.
Халықаралық конференцияда бас қосқан ғалымдар Қазақ хандығының тағдыры мен тағылымы туралы сөз қозғады. Р.Б Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының  директоры,  профессор Әбсаттар Дербісәлі Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы және тәуелсіз Қазақстан жөнінде өткен шараның Қазақстан халқына ғана емес, жалпы түркі әлемі үшін де маңызды екендігіне тоқталды.
– 550 жылдық мерейтой-өткен заманның санағы ғана емес, еңсеруді қажет ететін болашақ белес, – деді Ә. Дербісәлі. Ал Түркия Республикасының, Мимар Синан университетінің профессоры Осман Йорулмаз конференцияда мазмұны терең деректерді алға тартты. Сондай-ақ, бас қосуда ғалымдар келелі мәселелерді талқылап, келешек ғылыми жобалардың жоспарларын ортаға салды.

Шымкентте Бейсбековтердің жеке көркемсурет галереясы бірегей өнер ордасы саналады. Отбасы мүшелері қазақтың ұлттық қолөнерін дәріптеп, дамуына үлес қосып келеді. Мұнда суретшілер мен қолөнер иелері жиі бас қосады. Қас шеберлердің дәрістері де өткізіліп тұрады. Жеке көркемсурет галереясы 5 жылдан бері жұмыс істейді.

DSC 0040Ассамблеяның 20 жылдығына орай «Ынтымақ» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен ОҚО қолөнершілерінің көрмесі Бейсбековтердің галереясында өтті. Әдеттегідей жәрмеңкеде шеберлердің туындылары мен еңбектері қойылды.
Олардың арасында Бейсбековтердің қолынан шыққан дүниелер де бар.
Шымкентте Бейсбековтердің отбасы аймаққа ғана емес елімізге кеңінен таныс. Отбасы мүшелері қолданбалы қолөнермен шұғылданады. Танымал суретші Болатбек Бейсбеков кескіндеме өнерімен айналысса, ұлы Берік былғарыны көркемдеп өңдейді. Отбасының ұйтқысы Күләш Айдарбекова да он саусағынан өнер тамған жан. Ұлттық өнердің қыр-сырын меңгерген. Шебердің «Күнбағыс», «Әжемнің портреті» атты шығармалары Оңтүстік жұртшылығына кеңінен танымал. Қызы Венера да тоқыма тоқудан алдына жан салмайды. Оның «Үш ару» және «Киелі орынға сапар» атты төл туындысы сәтті шығарма саналады. Келіні Мадина да кілем мен гобелен тоқудың хас шебері. Қолданбалы өнерді жаңғыртушы отбасы шығармашылығына табиғатты да, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды арқау етіп келеді. Бейсбековтердің көркемсурет галереясына енгеннен-ақ ұлттық киімдер еріксіз көз тартады. Әсіресе, киізден жасалған бұйымдардың түр-түрі бар. Күләш Өсерқызының текеметтерінің ою-өрнегі өзінше бір әлем. Жан-дүниесінен шыққан иірім мен ырғаққа толы гобелендері адамды баурап алады. Қолөнер шеберінің айтуынша, төл өнеріміз қолданыстан шықпаған. Қайта заманауи келбетке көшкен. Киізден бұрынғыдай төсеніштер қана дайындалмайды. Ұлттық киімдерден бөлек, бас киімдер мен аяқ-киімдер тігуге болады. Сондай-ақ түрлі кәдесыйлар мен ойыншықтар, сөмкелер, әшекей бұйымдарын жасау сәнге айналған.
galeriei-1– Бұл бұйымдарды сыйлық ретінде алады. Кейде тапсырыспен тігеміз. Қолдан жасалған дүние қашан да бағалы ғой. Көрмемізге басқа облыстардан, алыс-жақын шетелдерден келетіндер де бар. Біз оларға мәдениетіміз бен тарихымызды қолөнеріміз арқылы танытамыз, – дейді ол.
Мұнан бөлек, отбасы мүшелерінің жүн мен жіптен тоқылған еңбектері адам қабілеті мен қиялында шек жоқ екеніне көз жеткізеді. Венера мен Мадина ұлттық нақышпен кескіндемелерді шебер бейнелепті. Сондай-ақ ер-тұрман әбзелдері де көрменің төрінен табылды. Бір кезде қазақ халқының мақтан тұтар бұйымына айналған қолөнер қазір де өміршеңдігін жойған жоқ. Күміспен қапталған әбзелдер ұлттық нақыштармен безендірілген.
– Нарықтың қысылтаяң шағында әріптестерім өнерді тастап, басқа салаға ауысып жатты. Зайыбым Күләш екеуміз талай ұлттық туындыны бірге жасадық. Өзгелер жеміс-жидек, азық-түлік сатса, біз сый-кәдеге жарайтын бұйымдарымызды саттық. Келешек жастардың бойына ұлттық салт-дәстүрімізді сіңіру үшін төл өнерімізді насихаттап келеміз. Біздің галереямызға шетелдік қонақтар жиі келеді. Оларға қонақжайлылығымызды танытып, ұлттық ойындарымызды көрсетеміз, – дейді суретші Болатбек Бейсбеков.
Қиындыққа қарамастан Бейсбековтер отбасы инемен құдық қазғандай өнердің тасын өрге домалатып келеді. Табыстары да жоқ емес. Бұған дейін Бейсбековтер отбасы Германия, Түркия, Үндістанда, Ресейдің Қазан қалаларындағы халықаралық көрмелерге қатысыпты. Шымкенттік суретшілер ұлттық көрмелерде қазақтың қолөнерінің абыройын асқақтатып, ерекше бояу, тамаша талғаммен көрініп жүр. Ендігі мақсат-Астанада 2017 жылы өтетін «ЭКСПО» халықаралық көрмесінде ұлттық туындыларымызбен әлем назарын аудару.

Қарияларды құттықтады

Пятница, 20 Март 2015 06:30

DSC 0012Шымкент қаласы әкімдігі «Әлеуметтік сала: кеше мен бүгін» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Шара Құрмет күні қарсаңында Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық әлеуметтік мекемесінде өтті.

Акцияға қала әкімінің орынбасары Г. Құрманбекова қатысып, ардагерлерді  Наурыз мерекесімен құттықтап, игі тілегін білдірді. Ал қамқорлық көрсету кейінгі ұрпақтың міндеті екенін атап өтті. Шара барысында Г. Құрманбекова қала әкімдігінің атынан  250 ардагерге арнайы сыйлықтар табыс етті. 

Дәстүрлі «Көктем аруы – 2015» байқауына қаламыздағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 13 ару сынға түсті. Қатысушылар сұлулығымен қатар, бойларындағы өнерлерін паш етті. Сондай-ақ, халқымыздың салт-дәстүр, әдеп-ғұрпынан хабардар екенін көрсете білді.

DSC 0448Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Арулар алдымен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Екінші кезең сұрақ-жауапта өздерінің алғырлығы мен білімділігін көрсетті. Сайыстың үшінші кезеңінде сән үлгілерін көрермен назарына ұсынды. Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Базарқұлов жетекшілік еткен қазылар алқасы құрамында дизайнер, халықаралық сән үлгісінің жеңімпазы Марат Ерімбетов, «Шымкент келбеті», Панорама Шымкента» газеттерінің редакторы Айгүл Қапбарова, режиссер, актер Шапағат Орынбаев, «Көктем аруы – 2014» байқауының жеңімпазы Әсем Нұрәлиева болды.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Назерке Нұсқабайға (суретте ортада) бұйырды. Бірінші орын Оңтүстік Қазақ-стан политехникалық колледжінің студенті Айгерім Мырхазметоваға берілсе, үшінші орынды Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-нің студенті Қазына Асқарбекқызы жеңіп алды.
Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы барша әйелдер қауымын, қала жастарын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда үлес қосып жүрген азаматшаларды қала әкімінің Алғыс xатымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Жеңiстiң 70 жылдығына арналады

Пятница, 13 Март 2015 05:50

Көрнекті жазушы, Шымкент қаласының, Төлеби, Қазығұрт, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарының Құрметті азаматы Уәлихан Сүлейменұлының «Өткен өмір белестері» кітабының бірінші томы жарық көрді.

5555555«Кітап» ЖШС баспасынан шыққан еңбек Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған. Қаламгер Жеңіс үшін шайқаста қаза болған әкесі Сүлеймен Сартбайұлы туралы сыр шертеді. Болған оқиғаны шынайы әңгімелейді. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы болған қоғам қайраткері Асанбай Асқаров және Қаратау өңірінің азаматы, ел құрметіне бөленген Бекасыл Асылбекұлы туралы естеліктерімен бөліседі. Кемел тұлғаның өңірдің экономикалық дамуына, мәдениеті мен ғылымның өркендеп өсуіне қосқан зор үлесін баяндайды. Кітапта шайқас алаңында ерлік көрсеткендер жайлы естеліктер де топтастырылған. Мұнда әңгімелерден бөлек, аймақ журналистерінің жазушы туралы пікірлері берілген.
Уәлихан Сүлейменовтің деректі туындылары өте қызғылықты әрі жеңіл оқылады, оқырман жұртшылыққа берер тәлім-тәрбиесі мен ұлағаты мол. Жаңа кітап бүгінгі ұрпақтың бойындағы елжандылық қасиеттің өрістеуіне жол ашады.

Жастар қолдау бiлдiрдi

Пятница, 13 Март 2015 05:07

Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасы үлкен қолдауға ие болуда. Игі бастамаға Оңтүстік жастары да үн қосты. Жастар орталығының алаңында студенттер саяси науқанның ел өмірінде үлкен маңызға ие екенін айтады.

DSC 0810Облыстық этно-мәдени бірлестіктерінің жанынан құрылған Жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен митингке жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты. Жас сайлаушылар жастарды бұл науқанда белсенді болуға шақырды.
М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің студенті Роман Абдул жүрек қалауымен мәлімдеме жасап отырғанын жеткізді.
– Біз «Нұр Отан» партиясы атынан ҚР Президентіне үміткер ретінде Н. Назарбаевтың ұсынылуын өте орынды шешім деп қабылдаймыз. Әрқашан өзімізге Елбасын үлгі тұтамыз. Еліміздің егемендігінің нығая түсуіне, экономикамыздың өркендеуіне мүдделіміз. Болашағымыздың жарқын болатынына күмәніміз жоқ. Сондықтан Елбасымен болашақтың іргесін бірге қалайтынымызға сенеміз, – деді  Р. Абдул.
Жиында студенттердің ойы бір жерден шықты. Олардың айтуынша, саяси науқанды биыл өткізу еліміз үшін экономикалық тиімділігімен орынды. Елдегі жаңалықтарды қалт жібермейтін жалынды жастар ұсыныстың дер кезінде жасалғандығын тілге тиек етті және алдағы уақытта сайлауда белсенді болуға шақырды.  

Мерекелік марапат

Пятница, 13 Март 2015 04:31

Қала әкімі Дархан Сатыбалды Халықаралық әйелдер күні қарсаңында іскер әрі көпбалалы аналардың басын қосты. Әр салада белсенді қызмет атқарған аналар мен арулардың жұмысына сәттілік тілеп, мерекесімен құттықтады.

DSC 0524– Баршаңызды мейірімділік пен ізгіліктің, сұлулық пен жылылықтың мерекесі, төл мерекелеріңіз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Әрқайсыңыз еліміз бен  қаламыздың дамуына үлес қосып, өлшеусіз еңбек еттіңіздер. Елдігіміз бен бірлігімізді сақтап, отбасының ұйытқысы болған сіздерге алғысым шексіз, – деді қала әкімі.
Салтанатты басқосуда
Д. Сатыбалды бірқатар көпбалалы аналарға «Күміс алқа»,  іскер жандарға төсбелгілер  және Алғыс хаттар тапсырды.  Олардың арасында қалалық мәслихаттың депутаты Гүлнар Құрманбекова, №45 мектеп-гимназиясының директоры Роза Пак та бар. Сондай-ақ, шаһардың тыныс-тіршілігін боямасыз жеткізіп жүрген әріптестеріміз де үлкен құрметке ие болды. Атап айтсақ, «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Айгүл Қапбарова «Шымкент қаласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, газетіміздің жарнама бөлімінің қызметкері Анар Андасқызы, «Панорама Шымкента» газетінің тілшісі Светлана Ешжанова қала әкімінің «Алғыс хатын иеленді.

Қ. САБЫРБАЙҚЫЗЫ

Страница 44 из 47