Үстел теннисi тартысты өттi

Понедельник, 07 Декабрь 2015 06:00

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу шаралары Еңбекші ауданында кең көлемде өткізілді. Мерекелік бағдарламаларда Елбасы, Ұлт Көшбасшысының қайраткерлік қыры, ел Тәуелсіздігі жолындағы қарышты қадамы кеңінен насихатталды.

SAM 9230Сондай шаралардың бірі №65 Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияда ұйымдастырылды.
Сонымен қатар Еңбекші ауданында мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен құралған 14 команда арасында үстел тенисінен жарыс ұйымдастырылды. Аудан әкімі Ғалымжан Молдабайұлы мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде қоғамның әл-ауқатының басты көрсеткіштерінің бірі адам денсаулығы екендігін атап айтты. Осы тұрғыда салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамның және мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.
Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Мемлекеттік қызметкерлер белсенділікпен қатысты және өздерін жаңа қырынан танытты. Тартысты жарыс нәтижесінде 2024-әскери бөлімі І-ші орынды жеңіп алды. ІІ-ші орынға Еңбекші ауданы бойынша кірістер басқармасы ие болды. ІІІ-ші орын-«Нұр Отан» партиясының Еңбекші аудандық филиалы лайық деп танылды. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар берілді.

Қоғамды көлiктер талапқа сай ма?

Пятница, 27 Ноябрь 2015 06:42

Бүгінде Шымкенттің тыныс-тіршілігін көліксіз көзге елестету мүмкін емес. Қала тұрғындарының көбісі қоғамдық көлікті пайдаланады. Ал қоғамдық көліктердің қызметіне қатысты  мәселе жиі қозғалатын тақырыптың бірі. Бұл ретте тасымал барысындағы кемшіліктер, автобус жүргізушісі жұмысындағы тәртіп бұзушылықтар жиі айтылады. Болашақ мегаполис үшін көлік жүйесінің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағынан тиімділігі мен маңызы ерекше. Осы орайда олардың қызметі қандай? Жұмысына жолаушылардың  көңілі тола ма?

photo 70279Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мен қалалық жол патрульдік полиция полкінің инсректорлары бірге қоғамдық көліктерге рейд ұйымдастыруда. Кешкі рейд «Авто-Нұр» базарының аялдамасында жүргізілді. Алдымен жол сақшылары жүргізушілердің құжаттарын егжей-тегжейлі тексерді.

Нәтижесінде №135, 52, 3, 103, 91 бағыттарына қатынайтын автобустардың жұмысы талапқа сай келмейтіні анықталды. Арнайы формалары жоқ, жолаушыларға билет таратылмаған. Кейбір көліктерде жолаушылар шамадан тыс көп болып шықты.

– Сөз жоқ, қала мәдениеті автобустардан бастау алатыны белгілі. Ал автобустарға белгіленген орыннан артық адам алуға болмайды. Заң да, тәртіп те – бәріне бірдей. Талаптарды сақтамаған жүргізушілер мен кондукторларға ескерту бердік. Қоғамдық көлік саласында қызмет көрсету сапасын көтеру мақсатында рейдтік шаралар аптасына екі рет жүргізілуде,–дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары
Жарқын Байдуллаев.

Рейд кезінде 5 автобус жүргізушісіне ескерту беріліп, №38 микроавтобустың иесіне 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Мұндай рейдтер алдағы уақытта да жалғасады.

Ұлы Дала елінің мәңгілік мұраты

Пятница, 27 Ноябрь 2015 05:45

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік 
педагогикалық институтында өткен мәдени шараларда дәріптелді

Оқу орнында өткен барлық мерекелік іс-шара барысында жастар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың: «Біздің қасиетті жеріміз ежелден Ұлы Дала, ал бізді Ұлы Даланың перзенттері деп атаған» деген ұлағатты сөзін жазылған шығармаларынан аңғартты. Суретшілер, қолөнер шеберлері байқауына, ақындар мүшәйрасына, айтысқа қатысқан жас дарындардың барлығы еліміздің бүгінгі тыныс-тіршілігін, жетістері мен жарқын болашағын, бірлігі мен берекесін Мемлекет басшының еңбегімен байланыстырды. Осылайша Тұңғыш Президент туралы танымдарының тереңдігін білдірді. 

 DSC0599

 


Оқу ордасындағы алғашқы іс-шара «Ұлы Дала елінің тарихи белестері» атты облыстық жас суретшілер байқауымен ашылды. Жоғары оқу орындары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері де бақ сынаған байқауда әуесқой қылқалам шеберлерінің туындылары қойылды. Мұндағы үміткерлердің шығармаларына қарасаңыз, әрқайсысының алдына ой толғайды. Сондықтан өнерлі суретшіні анықтау оңайға соқпады.

– Үміткерлерге қатаң талап қойылған жоқ. Фантазиясы мен идеясын шектемедік. Өйткені әрбір қатысушы өзінің ойынша Ұлы Дала елін қалай көреді? Көз алдына қалай елестетеді? Байқауда өнерлі жастардың еңбектеріне қарап сүйсіндік. Осындай игі істерді әрдайым қолдап, ұйымдастырып тұрамыз деген ойдамыз, – дейді байқауды ұйымдастырушылар.

Байқау қорытындысы бойынша үздіктерге бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, «Ұлы Дала Елінің» шеберлері атты облыстық қолөнер байқауы да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқауға шебер жастар табиғи тастар мен әшекейлер топтамасын, қолөнер бұйымдарын ұсынды. Әсіресе, қазылар алқасын ұлттық нақыштағы бұйымдар қызықтырды.

 DSC2548

Білім мен ғылымның ордасы болған оқу орнында Тұңғыш Президент күніне арналған үшінші шара да маңызды. ОҚМПИ тәрбие істері жөніндегі проректоры Ақлима Мархабатқызының қолдауымен, Филология факультетінің деканы ф.ғ.к Нариман Жұмашұлының, Қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., Мамыт Алтыбайұлының басшылығымен жас ақындар мүшәйрасы өтті. Жазба ақындар арасында өткен жыр додасына жоғары және арнаулы оқу орындарынан 32 ақын студент қатысты. Сайыста жастар екі өлеңнен оқыды. Бірінші кезеңде - Ұлы істердің ұйытқысы –Ұлы Дала елі жайында дербестігіміз дәріптелсе, екінші кезең еркін тақырыпқа арналды.
– Біздің мүшәйрамыздың мақсаты поэзияны көркемдеп оқу емес, ақынның мықтылығын, қабілет-қарымын анықтау. Сондықтан жастардың тақырыпты ашып, өзінің қабілетін көрсетуге мүмкіндігі мол. Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген мүшәйра Оңтүстікте жалындаған жас ақындардың өсіп келе жатқанын байқатты, – дейді айтыскер ақын, қазылар алқасының мүшесі Анар Жаппарқұлова.

Мүшәйра қорытындысы бойынша бас жүлдені Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 2 курс студенті Лаура Сарманова жеңіп алды.
1 орын еліміздің жетістіктерін жыр шумақтарымен жеткізген Отырар ауданы Т. Ибрагимов атындағы орта мектептің мұғалімі Дәурен Полатбаевқа берілді. Ал екінші орындарды М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің 1 курс студенті Рена Табылхан мен


Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-филология факультетінің 3 курс студенті Нарқұлан Райханұлына бұйырды. Үшінші орынды жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, алғыс хаттарға ие болды.

«Ұлы Дала елі» әндері жас орындаушылар байқауы да мерекенің мәнін аша түсті. Жергілікті өнер иелері байқаудың лайықты жеңімпаздарын анықтады.

Ең тартысты өткен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты облыстық жас ақындар айтысы болды. Жыр додасына 4 жұп ақын қатысты. Айтысты белгілі айтыс ақыны Біржан Байтуов жүргізді. Тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген құндылықтарды насихаттаған жастар ұтымды ұйқасымен, ұтқыр ойымен көрерменді тәнті етті. Әсіресе Аян Ниязбек пен шымкенттік Қажымұқан Абзаловтың тапқырлығына көпшілік жиі қол соғып отырды. Ұлттық өнерімізді өркендетуге үлес қосқан шараға ОҚО Құрметті азаматы, белгілі айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова қазылық жасаған болатын.

 DSC2469

– Жастардың айтысы жаман болған жоқ. Мен қатысушылар арасынан Серік Жұмаділден үміт күтіп едім. 

Сайрамдық Жандос Мырзабек те ұтқырлығымен көзге түсті. Ал Қажымұқан Абзалов, Дәурен Ысқақ шауып жүрген жүйріктер. Дегенмен оларға әлі де тынысы ашылуы үшін біраз еңбек етуі керек. Аян Ниязбек пен бәйдібектік Нұрлыбек Мейірмановтың айтысы жақсы болды, – деді Әселхан Қалыбекова.
Айтыстың бас жүлдесін Аян Ниязбекке Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Оңалбай Аяшев табыс етті. 1 орын Қажымұқан Абзаловқа бұйырса, 2 орынды Нұрлыбек Мейірманов жеңіп алды. 3 орынды Дәурен Ақсақалов иеленді.

Мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтің жастармен кездесуі «Рухани мұра және Мәңгілік Ел идеясы» атты тақырыбында өтті. Жүрекке жылы нұр құятын сұхбат қызықты болды. Жастар академикке сұрақтарын қойып, толымды жауап алды.
– «Тәуелсіздіктің сіздерге бергені өздеріңіз ойлағаннан да көбірек. Біз – өткен буынның, кеңестік кезеңнің адамдары кешегі мен бүгінгі күннің айырмашылығын нақты ажырата аламыз. Бала кезімізде біз оқуды армандайтынбыз, бірақ, мұғалімдер болмады. Бүгінде сіздерге мол жағдай жасалған: интернет, электронды білім алу, заманауи сыныптар мен зертханалар. Мұның бәрін бағалауға және одан әрі дамытуға үйрену керек. Ал тәуелсіз мемлекетті құрған Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың тарихи рөлі мен орны бөлек» – деді М.Жолдасбеков.

Мереке қарсаңындағы іс-шаралар «Елбасы бізге өнеге:спорт-жан сұлулығы» атты спорттық жарыстармен (баскетбол, волейвол, шахматтан блицтурнир) жалғасты.

Жастарды елін, жерін сүюге шақыратын іс-шаралар олардың отансүйгіштік сезімін ұялатуға айтарлықтай үлес қосатыны анық. Бүгінгі күні білім мен ғылымның ордасына айналған оқу орнында барлық жағдай жасалған. Тағылым алатын сан алуан жұмыстар атқарылып жатыр. Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар апта соңына дейін жалғасып, 7 мерекелік байқау қорытындыланады.

Заңсыз құрылысқа жол жоқ

Пятница, 20 Ноябрь 2015 05:36

Жыл өткен сайын қала орталығында бой көтерген жеке тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандар көбейіп келеді.  Олардың арасында құрылыс нормаларын сақтамай, «қызыл сызықтан» асып кеткендер көп. Тіпті жолаушылар жүретін табанжолдарды иемденіп, жол қозғалысына кедергі келтіретін нысандар бар.

5649cb62df80aҚұрылыс талаптары мен заң нормаларын сақтамаған азаматтарға шара көру мақсатында облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың тапсырмасы негізінде рейд жұмыстары ұйымдастырылуда. Қалалық ішкі істер қызметкерлерімен бірге облыстық сәулет құрылысы басқармасы «қызыл сызықтан» асып кеткен 282 нысанға анықтау жұмыстарын жүргізуде. Рейд жұмыстары кезінде бүгінге дейін заңсыз және мемлекеттік құрылыс нормаларын сақтамаған 196 құрылыс нысаны анықталған. Оның 106-на әкімшілік іс қозғалды. Ал заңсыз салынған үйлерді бұзу үшін 30 нысан бойынша іс сотқа жолданды. Бүгінге дейін 63 нысанға нұсқама беріліп, оның 20-сына тексеру жұмыстары жүргізілуде.
– «Қызыл сызық» дегенiмiз ғимарат пен күре жолдың ара қашықтығы. Ол тұста жүргiншiлер жолы, коммуникация жүйелерi немесе гүлзарлар болуы тиiс. Мiне, осы талапты сақтамайтындар көп. Заң бұзған нысан иелеріне ескерту қағаздарын бердік. Олардың тұрған жерi құрылыс ережелерiне мүлдем сай емес. Көшеге дейiн иiн тiрескен үйлермен жаяу жүргiншi әрең өтедi. Автопаркингтер жөнiнде сөз қозғаудың өзi артық, – дейді қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшының орынбасары Бауыржан Кенжеғұлов.
Рейд барысында Бәйдібек би көшесі бойындағы 14 нысанның заң талаптарын сақтамағаны белгілі болды. Кейбір тұрғындар рұқсатсыз мейрамхана салып алыпты. Мемлекеттік актісі жоқ. Жобасы архитектурадан бекітілмеген. «Қызыл сызықтан» асып кеткендер жетерлік. 4 нысанның иесі табылмағандықтан оны анықтау тиісті мекемелерге жолданды.
Бүгінге дейін Шымкент қаласы бойынша заң талаптарын бұзған 43 нысанға әкімшілік іс қозғалып, 12,1 млн теңге айыппұл салынған. 13 заңсыз құрылыс нысанын бұзу туралы іс сотқа жіберіліп, 3 нысанды бұзуға, 9 нысанға айыппұл салу туралы шешімдер шығарылды. Басқарма тарапынан 282 нысанның ішінен 11 нысанға әкімшілік іс қозғалып 3,9 млн теңге айыппұл салынды.

Құттыбике НҰРҒАБЫЛ

Кешегісіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ. Кешегі өмірдің тірі куәгерлері – қазыналы қарияларымызды құрметтеу бүгінгі ұрпақтың парызы. Осы орайда «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Прокопчикті 90 жасқа толған  мерейтойымен арнайы құттықтады.

prokop4ik

Отан үшін от кешіп, бейбіт өмірге өз үлесін қосқан қартқа зор денсаулық, бақыт пен қуанышты күндер тіледі.
Александр Прокопчик 1925 жылы 3 қарашада Томск облысы, Павловка ауылында дүниеге келген. 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, 1 Белоруссия майданының құрамында  жаумен шайқасты.  Майданда ауыр жараланып, денсаулығына байланысты Ленинград  қаласында госпитальде ем қабылдайды. Сауыққан соң, Иванов облысы, Кинема қаласына жіберіледі. 1948 жылы елге оралады. Ерлігі үшін мерейтойлық медальдармен марапатталды. Теміржолда, шахтада еңбек етеді.
Сый-құрметке бөленген майдангер алғысын айтып, ақ батасын берді.

Әлеуметтiк қызметкердiң бiр күнi

Понедельник, 02 Ноябрь 2015 11:25

Жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтеді.  Олар әрқашан жалғызілікті қарттарымыздың жанынан табылады. Мүгедектердің мұңын бөліседі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға, жүйке жүйесіне шалдыққан жандарға көмек көрсетеді. Мейірімге толы жүрегі мен жылы пейілін ұсынады.

DSC 0042

Кәсіби мереке қарсаңында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» болып, бір күндік жұмысының куәсі болдық.
Бізді орталықтың директоры Сапарғали Ақылбеков жылы қарсы алды. Мекеме басшысы тағдырдың тауқыметін тартқан жандардың жағдайын жасап, бабын табу оңай еместігін тілге тиек етті. Мекемеде 8 бөлімше жұмыс істейді. Мұнда жалғызбасты қарттарға,  мүгедектерге, мүмкіндіктері  шектеулі балаларға және 18 жастан асқандарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері бар.
– Жазғызілікті қарттардың өзіндік тағдыры, жазылмайтын жарасы, жанға батар жағдайы мен мұңы бар. Сондықтан да олардың жүрегі нәзік, көңілдері кірпияз. Сәл нәрсеге ренжіп, мұңайып қалады. Біз ұжымымызбен сол жарым көңілді жандардың көңілін табуға тырысамыз. Ал шындығында әлеуметтік күтушілердің атқаратын жұмысы оңай емес. Олар әртүрлі жастағы адамдарға көмек берумен ғана шектелмейді.  Бір мезетте педагогтың, дәрігердің, заңгердің, психологтың қызметін де атқарады. Қажет азық-түлігін әкеліп, құжаттарын реттейді. Адамгершілігі мол, мейірімді адам болмаса екінің бірі бұл жұмысқа шыдамайды. Сондықтан  ең үздік, ең мықты қызметкер – әлеуметтік салада, – дейді С. Ақылбеков.
Жалпы «Үйде күтім жасау әлеуметтік қызмет орталығы» мемлекеттік мекемесінде 723 адам тіркелген. Оның ішінде жалғызбасты қариялар – 464,  І,ІІ топ мүгедегі -49, 18 жастан асқан жүйке дертіне шалдыққан жандар – 47, мүмкіндігі шектеулі балалар – 163. Осы мұқтаж жандарға 100-ге жуық әлеуметтік қызметкер көмек көрсетеді екен.

Қамкөңiл қариялар...

DSC 003911

Аталған мекеменің №5 жалғызбасты қарттар бөлімшесінің меңгерушісі Ақерке Байжігітова. Ол қамқорлығындағы қарияларға ата-анасындай қарайды. Апта сайын қарияларға хабарласып, хал-жағдайын сұрауды ұмытпайды. Жүріп-тұруы қиын, өзгенің көмегіне мұқтаж жандардың жағдайын жасау – асқан шыдамдылық пен сабырлылықты талап етеді.
Біз Жангелдин көшесінде тұратын 1 топ мүгедегі Тұрғанай Айдарханованың үйіне бардық. Жалғызілікті әйелге  әлеуметтік күтуші Минавар Мусаева көмек көрсетеді. Тұрғанай апай бізді көріп балаша қуанды.
– Арнайы мекеменің көмегіне жүгінгеніме  бес жыл болды. Маған әркез қарайласатын әлеуметтік  күтуші Минавар Мусаеваға ризамын. Туысымдай тез тіл табысып кеттік.  Оның жақсылығын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Аптасына  сейсенбі және жұма күндері келіп тұрады. Үйді жинап, коммуналдық төлемдерді төлейді. Ауырсам дәрігерге апарады, – дейді Тұрғанай Айдарханова.
Күтуші Минавар өз міндетіңді атқарғаныңмен, бойыңда мейірімділік болмаса бәрі бекер деп есептейді. Мұнан соң Т. Айбергенов көшесінде тұратын тыл ардагері Ұлман Қарабалаеваның пәтеріне келдік. 84 жастағы әже әлдеқайда ширақ көрінді. Жылы амандасты. Өзінің айтар әңгімесі  көп сияқты. Кірер-кірместен жаңалығымен бөлісіп жатыр.
– Балам – 56, келінім – 55 жаста. Олардың да жасы ұлғайды. Ара-тұра келіп тұрады. Жолдасым қайтқалы жалғыздықты сезінетін болдым. Бірақ күтушім  Алтынай Абеноваға алғысым шексіз. Онсыз шайымды іше алмаймын, – дейді тыл ардагері. Қарияның айтуынша, бауыр басқаны сонша, Алтынайды қызындай жақсы көреді. Ауа райы жақсы күндері әлеуметтік күтушімен бірге сыртта таза ауада серуендегенді ұнатады.
Алтынай Абенова аптасына алты қарияға қызмет көрсетеді екен. Соның бірі, тыл ардагері Ұлман Қарабалаева болса, бірі соғыс ардагері 94 жастағы Анастасия Павлова. Сүйеніш болар ешкімі жоқ кейуана  жалғыз тұрады. Мінекей, осындай қиындықтарды еңсеруде оған әлеуметтік қызметкердің көмегі мол.

«Ұлым да күтiп, елеңдеп отырады»

Мұнан соң №4 бөлімшенің жұмысымен таныстық. Педагог-психолог Азиза Ускенбаевамен бірге тірек-қимылы бұзылған Әлихан Байменовтің үйінде болдық. Мүмкіндігі шектеулі балалармен Азиза 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді екен. 13 жастағы Әлихан әлеуметтік қызметкердің тапсырмасын бұлжытпай орындайды. Зерек. Мүмкіндігі шектеулі болса да, компьютерде жазу жазып, анасын алғырлығымен қуантады. Әсіресе, логикалық тапсырмаларды орындағанды жақсы көреді.
– Тағдырдың жазуымен перзентің шарасыз күйге түссе, ана үшін одан артық қандай қиындық бар?! Осы орайда көңіліме демеу болып, қолдан келген көмегін аямайтын әлеуметтік қызметкердің орны ерекше. Біз Азизаға отбасымыздың бір мүшесіндей бауыр басып кеттік. Ұлым да  күтіп елеңдеп отырады. Ол келген сайын Әлиханды оқытып, жаттығу жасатып, тамағын беріп көмектеседі. – дейді Әлиханның анасы  Лаура Оңалбекова.
Әлеуметтік қызметкерлермен өткізген бір күнде біз  көпшіліктің назарына іліне бермейтін, ерекше кәсіп иелерінің жұмысымен жете таныстық. Олардың жұмысының ауыр да жауапты екенін аңғардық.
Иә,  жалғызілікті қарттардың жүрегін сыздатқан мұңды сейілту, оны жұбату, көмекке мұқтаж жандардың көңілінен шығу шексіз мейірімді, кең жүректі, темірдей төзімді, үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Шымкенттiң ең сұлу қызы кiм?

Пятница, 16 Октябрь 2015 08:26

Қазақ қызының әсемдігі мен ақылдылығына таразы болған «Шымкент аруы» байқауы өз мәресіне жетті. Қала күніне орай өткен сайыста 16 үміткердің арасында  ақылына көркі сай арулар аз болмады.

DSC 8123Байқаудың басты талабы – арулардың сымбаты, сахнада өзін ұстауы, әдебі мен көркі болды. Айта кетсек, шымкенттік дизайнерлердің қолынан шыққан киімдердің, сондай-ақ ұлттық киімдердің  сән байқауы сын тезінен өтті.
Қазылар алқасының шешімімен  «Шымкент аруы-2015» атануға 18 жастағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының 2 курс студенті  Ақмөлдір Әбдурахимова лайық деп танылды. Қала әкімінің орынбасары Қ. Нұртай ару қызды жеңісімен құттықтап, 75 мың теңге көлемінде сыйлық  сертификатын табыс етті.  
– Мен үшін күтпеген жеңіс болды. Шымкент аруы атанамын деп ойламаппын. Әрине озып шығу оңайға түскен жоқ. Дегенмен еңбегім зая кетпеді. Күні-түні дайындық өз нәтижесін берді. Менің мақсатым – қазақ аруын әлемге таныту, – дейді А. Әбдурахимова.
Сондай-ақ, байқауда Мадина Шайырбекованың бағы жанып, «Көрермен көзайымы» номинациясына ие болды. Бірінші орынды Шынар Қуаныш, екінші орынды Лаура Шамшиддинова жеңіп алды. Сұлулық пен сымбаттылық байқауында топ жарған Ақмөлдір Әбдурахимова енді жерлестерінің намысын «Қазақстан аруы» байқауында қорғайды.

DSC 8108

Тәртiбiн түзетуге көмектеседi

Пятница, 07 Август 2015 05:58

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/4 түзеу мекемесінде сотталған азаматшалар арасында жазғы спартакиада  басталды. Жарысқа жазасын өтеуші әйелдер бес спорт түрі бойынша қатысуда. Сайыстың ашылу салтанатында мекеме басшылары сөз сөйлеп, қалалық Мәдениет үйі шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасын ұсынды.


ИЧ-164/4 түзеу мекемесі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Адилбекованың мәлімдеуінше, 5 тамызда басталған спартакиада  20 тамызға дейін  жалғасады.

– Елбасы Н. Назарбаевтың салауатты өмір салтын ұстану жөніндегі тапсырмасына орай спорттық іс-шараларды ұйымдастырылуда. Мақсат – жазасын өтеушілердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, – дейді әділет майоры А. Адилбекова.

Мекеме қызметкерлерінің  айтуынша,  мұндай спорттық шаралар сотталған азаматшалардың тәртібін түзеуге септеседі. Темір тордың арғы жағындағылар бұндай сайыстарға ерекше ықыласпен қатысады.

Спартакиаданың жүгіру, теннис, шахмат, дойбы, волейвол сынды спорттың бес түрінен  сайысқа түскен үздіктер арнайы мақтау қағаздарымен марапатталады.  Қазіргі  таңда  әйелдер колониясында  217 нәзікжанды жазасын өтеуде.

Страница 39 из 47