Биыл 31 702 грант бөлiнген Избранное

Пятница, 12 Август 2016 08:26 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 5715 раз

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев төрағалық ететін білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссия ҚР ЖОО-да оқуға гранттар тағайындау бойынша қорытындысын шығарды.

Жалпы қорытынды бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарына айрықша көңіл бөлінген. Аталған басымдылықтар ескеріле отырып, 12 593 грант техникалық және технологиялық мамандықтарға, 5 мыңға жуық грант – педагогикалық, 2 690-ы – ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтарына, 3000 – медициналық мамандықтарға бөлініп отыр. ҚР БҒМ мәліметінше, биыл 31 702 грант бөлініп отыр, оның ішінде 2 950 грант – ЖОО дайындық бөлімдерінде оқуға, 28 752 грант – ЖОО-ның 1 курстарында оқуға (күндізгі оқу бөлімдеріне – 28 452, сырттай оқу бөлімдеріне – 300 грант) бөлінген.
Конкурстық негізде мемлекеттік тапсырыс берілетін жоғары оқу орындарының тізімі де анықталды. Оқу гранттары 87 ЖОО-на бөлінді. Оқу гранттарын алу конкурсына 59 677 адам қатысып отыр. Олардың 47 342 – қазақ тілінде, 12 335 – орыс тілінде оқиды. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы аясындағы квота бойынша өткізілген конкурсқа 9797 адам қатысып отыр. Конкурсқа қатысушылардың ішінде: 2208 «Алтын белгі» иегерлері, 303 колледж түлектері, 169 халықаралық және республикалық олимпиадаларының жеңімпаздары, 854 халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, 948 халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың жеңімпаздары, 9 Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары. Конкурсқа, ведомствоның мәліметінше, 492 жетім бала, 363 I және II топ мүгедектері, 37 соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер санатындағы абитуриент, 1053 ҚР азаматтығы жоқ қазақ ұлты өкілдері қатысады. Бұл адамдарға квоталар белгіленген.

Последнее изменение Пятница, 12 Август 2016 09:13
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.