«Шымкент келбетімен» бірге ағылшын тілін үйренейік! (2-сабақ)

Среда, 14 Сентябрь 2016 06:07 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 6220 раз

«Шымкент келбетімен» бірге ағылшын тілін үйрену сабақтарын жалғастырамыз. Есіңізде болса, біз саябақ тақырыбынан бастадық. Бұл жолы Шымкенттің тарихы мен қонақжайлылығы туралы баяндайтын боламыз. Айдарды Меруерт Бимұрзаева жүргізеді. Сонымен, шетелдік саяхатшы сізге жолығып, облыс орталығын қысқаша таныстырып өтуіңізді сұрады делік.

ШЫРАЙЛЫ ШЫМҚАЛА

Шымкент – Орта Азиядағы ескі шаһардың бірі. 2200 жылдық тарихы бар. Қала – Ұлы Жібек жолы бойында пайда болып, оның ең маңызды тасымалдау орталықтарының біріне айналды.
Бүгінде Шымкент – Қазақстанның үшінші мегаполисі. Халық саны жуырда миллионды бағындырмақ. Республиканың өнеркәсіптік және мәдени орталығы. Біздің қаланы көбіне «жасыл қала» деп те атайды. Өйткені, мұнда жаздың күнгі ыстықта саясында тынығып алуға болатын көлеңкелі ағаштар өте көп. Бадам және Қошқар ата өзендерінің арнасы қала аумағынан ағып өтеді. Шымқалада – жеті үлкен саябақ және көптеген саялы орындар мен гүлзарлар орналасқан.
Сізге міндетті түрде Қазақстандағы жалғыз Дендробаққа бару керек. «Астана» есімді керік өмір сүретін зообақты көріп, Орта Азиядағы ең биік айналаны шолу дөңгелегіне отырыңыз. Ол жерден еліміздегі ең биік Бәйдібек би монументін тамашалауға болады. Көне заманның жәдігерлері жинақталған өлкетану мұражайына барыңыз.
Шымкент – күнгей қала! Ауа райы қолайлы: қысы жылы, жазы ұзақ, ал көктемі ерте келеді. Ауызға салсаң бал татитын біздің қауын мен қарбыздың дәмін көріңіз. Біз қашанда қонақ келсе қуанамыз!

Shymkent is one of the ancient cities of Central Asia. It is 2,200 years old. It was created on the Great Silk Road and it was one of its most important transport hubs.
Today, Shymkent is the third metropolis of Kazakhstan. Its population will reach million soon. It is an industrial and cultural center of the country. Our city is often called the "green city" because of the abundance of trees, under which you can escape from the summer heat. Two rivers flow on the territory of the city - Koshkarata and Badam. We have seven parks, many public gardens and alleys.

You should definitely visit the arboretum park, the zoo, only in Kazakhstan where giraffe Astana lives, ride on the Ferris wheel, the highest in Central Asia, see the highest monument in the country Baidibek bi. Certainly visit the local history museum, where the ancient exhibits are collected.
Shymkent is a sunny city! We have a mild climate: warm winter, long summer and early spring. Enjoy our sweet as honey melons and watermelons! We are always glad for guests!

Последнее изменение Среда, 14 Сентябрь 2016 06:20
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.