×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Бала шақ пен болашақты жалғаған «күміс қоңырау» Избранное

Пятница, 26 Май 2017 04:28 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4659 раз

Соңғы рет сыңғыр қаққан күміс қоңырау үні Шымкент қаласындағы 7431 мектеп түлегіне өмірдің жаңа бір белесін нұсқады. Саналы тәлім-тәрбие берген «алтын ұямен» қоштасқан жас түлектерді алда Ұлттық бірыңғай тестілеу, мемлекеттік емтихандар және арман мен үмітке толы өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр.

18698478 1589439934399346 233874385497924033 n

А. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының бітіруші-түлектерінің салтанатты жиынына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты. Айта кетейік, аталмыш мектеп оқушылары ҰБТ қорытындысы бойынша бірнеше жылдар бойы қаладағы үздік мектептер қатарында келеді. Осы орайда, облыс әкімі оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналар қауымын кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.

– Ел болашағы жастардың қолында. Қандай мамандықтың иесі болсаңыздар да бастысы, ұлтжанды ел азаматы болуды ұмытпаңыздар.

Елімізде қазіргі таңда балаларымыздың сапалы әрі заманға лайықты білім алуына қажетті барлық жағдайлар жасалған. Жыл өткен сайын білім саласын жақсартуға бағытталған жұмыстардың ауқымы кеңейіп келеді. Биыл облыстағы білім саласын дамытуға бюджеттен 44 миллиард теңге қаржы бөлінген. Яғни, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Өткен жылы 6 білім беру нысаны пайдалануға берілді. Биыл тағы 5 жаңа, 3 қосымша ғимарат тапсырылады, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

 18622153 1589444144398925 4050267454598592520 n

72 түлегін үлкен өмірге шығарып салған А. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының ұжымы үшін өткен оқу жылы аса олжалы болды. Мектеп оқушылары халықаралық және республикалық деңгейдегі математика және ПОНИ байқауларында, «Русский медвеженок» зияткерлік байқауларында топ жарып, үздік нәтижелерін әйгіледі.

Мекеме директоры Гүлназ Әбілдаеваның айтуынша, «Алтын белгіге» үміткер Русалина Саркисова, «Үздік аттестат» иелері Әйгерім Жаңабаева мен Анастасия Малыхина қай кезде де мектеп ұжымының мақтанышына айналған. Салтанатты шара барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мектеп бітіруші түлектермен мектеп вальсін билеп, естелікке суретке түсті. Шара соңында түлектер алдағы өміріндегі сәттіліктің белгісі ретінде ақ көгершіндерді ұшырды. 

 18582643 1589442434399096 2232270542009872598 n

Жалпы, өткен оқу жылында Оңтүстік өңірінің оқушылары республикалық Олимпиада сындарында 30 жүлделі орынға қол жеткізіп, 6 білім грантын иеленіпті. Бұл қатарда, жас ғалымдарымыз жаратылыстану-математика бағыты бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда» аталымын жеңіп алса, түрлі халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында 50-ден аса жүлделі орындарға ие болды.

Бүгінгі мектеп бітірушілерінің 1370-і «Алтын белгіге», 863-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 23 760 бітіруші өтініш білдіріпті. Бұл – түлектердің жалпы санының 71,8 пайызы. Ал Шымкент қаласы бойынша 5 230 түлек ҰБТ тапсырмақ.

18622642 1589439941066012 7753631128680615209 n

Мектеп бітірушілер 29 мамыр – 9 маусым аралығында қорытынды аттестаттаудан өтсе, 20 маусым – 1 шілде аралығында ҰБТ тапсыратын болады.