«Ұстаз саған мың алғыс» атты мерекелік іс-шарасында университет ректоры Рабиға Қуатбекова ардагер ұстаздарды 1 қазан – халықаралық қарттар күнімен, сондай-ақ, жалпы ұстаздар қауымын кәсіби меркемен құттықтады.
Р.Әбдімұсақызы мерекелік кеште саналы ғұмырын білім саласына арнаған ұстаздарға құрмет көрсетті. Атап айтсақ, Ұ.Сүлейменова, Ұ.Қайырбекова, К,Қуатбекованы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталса, 29 оқытушы түрлі ұйымдар мен аудан-қала әкімдерінің алғыс хаттарына ие болды.
А.ЖӘДІГЕРҰЛЫ
Фото Асхат ӘССАНДИ