Сайыста есе жібермеді Избранное

Понедельник, 14 Октябрь 2019 10:59 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 339 раз

Шымкенттік арнайы көмекті қажет ететін балалар республикалық додада топ жарды. Нұр-Сұлтан қаласынан жүлделі оралған оқушыларды Сайрам көмекші мектеп-интернатының ұжымы, ата-аналармен бірге Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл да ерекше қошемет көрсетіп қарсы алды.

517

 

Шымкенттік оқушылар спорттық додада 11 облыстан оқ бойы озық шықты. Сайрам көмекші мектеп-интернатының директоры Жадыра Нағашбайқызының айтуынша, жас спортшылар сайысқа асқан дайындықпен барған. Нәтижесінде, special olympics бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған жарыста үстел теннисі мен ауыр атлетикадан жүлделі орындардан көрінді. Командалық есепте алғашқы орынды иемденді. Шымкенттің намасын қорғауда пауэрлифтинг спорт түрінен 70 кг салмақты бағындырған Н.Нышанбек екінші орын алса, 80 келі салмақты көтерген М.Байзахматов бірінші орынға ие болды. Үстел теннисінен сынға түскен оқушылар да жүлдегер атанды. Жас спортшылар бұдан да ауқымды сайыстарға қатысып, ел абыройын асқақтатуға ниетті.

Азамат ЖАППАР

Серік ҚОСАЕВ