Басты мақсат – бәсекеге қабілетті маман даярлау

Четверг, 19 Ноябрь 2020 10:07 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 219 раз

Еліміздің болашағы, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметіндегі басымдықтары мен ұлттық мүдделерінің жүзеге асырылуы, халықаралық аренадағы беделінің өсуі, ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі мемлекет алдындағы жоғарғы азаматтық жауапкершілікке ие мамандарға байланысты,- деген еді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев маман даярлау мәселесіне қатысты.

Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебі құрылған болатын.
Қазіргі күні жоғары мектепте 1150 студент, 30 магистрант және 11 докторант білім алады. Олардың 97 пайызы мемлекеттік білім гранты негізінде оқиды.
Жоғары мектеп бакалавр бойынша В070 – «Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары» білім бағдарламасымен, 6В07260 - «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы», 6В07230 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» мамандықтары және В068 – «Азық-түлік өнімдерін өндіру» білім бағдарламасымен, 6В07250 – «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы», 6В07251 – «Ұн-жарма өндірісінің технологиясы», 6В07252 – «Қантты заттар және қантты кондитерлік өнімдер технологиясы», 6В07241 – «Өсімдік майлары және майлар технологиясы», 6В07242 – «Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы», 6В07243 – «Қоғамдық тамақтану өнімдерінің технологиясы» мамандықтары бойынша бакалаврлар және магистрлер дайындайды.
Жоғары мектеп құрамында 120 жоғары дәрежелі оқытушы, оның ішінде 5 ғылым докторы, 21 ғылым кандидаты мен доценті бар. Мектепте үш тілдік бағдарлама, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сабақтар жүргізіледі.
Шығармашылық қабілеттілікті дамыту мен қолдана білу қазіргі заман маманының зерттеуші, басқарушы және тәжірибеші болып қалыптасуына себепші болады. Жыл сайын мамандық пәндері бойынша Алматы технологиялық университетінде және өзімізде талантты және дарынды студенттерді айқындайтын олимпиадалар өткізіліп тұрады. Осы олимпиадаларда студенттеріміз алғашқы үштіктен көрініп жүр.
Жоғары мектептің ғалымдарының ерен еңбектері мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, 7 ғалым «Жылдың үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына ие болды. Жоғары мектептің материалдық-техникалық базасы заман талабына толық сай келетін аудиториялар және құрал-жабдықтармен толық қамсыздандырылған.
2012 жылы мектебімізде тігін бұйымдарын конструкциялау және киім дизайны бойынша экспериментальді өндіріс ашылды. Осыған сәйкес 32 млн теңгеге заманауи жабдықтар сатып алынды. Заманауи құрылғыларды игерген түлектер еңбек нарығында бәсекелестікке қабілетті болып қалыптасады, жұмысқа бірінші кезекте орналасады.
Білім және ғылыми зерттеу жұмыстары саласында жоғары мектеп кафедралары Ресей, Ташкент және Қазақстандағы жетекші оқу орындарымен қарым-қатынасты дамытып отыр.
Студенттер «Қайнар май» ЖШС, «Шымкентмай-Елдос» ААҚ, «Sigma Brau» ЖШС, «Azala Textiline» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС өндірістерінде теориялық білімін практикада ұштастырады. Онда студенттер оқу сабақтарын, практикалық жұмыстарын және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді, нәтижесінде жасалған ғылыми жаңалықтарын өндіріске енгізеді.
Академиялық ұтқырлық бойынша жоғары мектеп студенттері Түркия, Германия, Ресей, Латвия, Италия, Бельгия, Польшадағы жоғары оқу орындарында I немесе II семестр бойы білім алу мүмкіндігіне ие.
Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебі – бұл Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, дамуына үлес қосатын мамандарды даярлауда аянбай еңбек етуде. Бүгінде мамандарымыз «Нұр» ЖШС, «ЭкоПродуктГруп» ЖШС, «Рахат Шымкент» ЖШС, «Ладушки» ЖШС, «Тұтынушы» ЖШС, «Меланж» АҚ, «Azala Textiline» ЖШС, «Казагроэкс» ЖШС, «Джин-Текс» ЖШС, «Нимэкс» ЖШС, «Асық-Ата»мақта тазалау зауыттарында, «Назар Textile kz» ЖШС және «Бал Textile kz» ЖШС табысты еңбек етуде.

 

Г.КЕНЖИБАЕВА,
Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебінің деканы,

Т.ТОҒАТАЕВ,
Тоқыма материалдарының
технологиясы және жобалануы кафедрасының меңгерушісі,

А.ЕШЖАНОВ,, М.ҚАЛДЫКУЛОВ, Е.АСАНОВ,
кафедраның
аға оқытушылары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.