Мерекелік марапат Избранное

Пятница, 13 Март 2015 04:31 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4226 раз

Қала әкімі Дархан Сатыбалды Халықаралық әйелдер күні қарсаңында іскер әрі көпбалалы аналардың басын қосты. Әр салада белсенді қызмет атқарған аналар мен арулардың жұмысына сәттілік тілеп, мерекесімен құттықтады.

DSC 0524– Баршаңызды мейірімділік пен ізгіліктің, сұлулық пен жылылықтың мерекесі, төл мерекелеріңіз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Әрқайсыңыз еліміз бен  қаламыздың дамуына үлес қосып, өлшеусіз еңбек еттіңіздер. Елдігіміз бен бірлігімізді сақтап, отбасының ұйытқысы болған сіздерге алғысым шексіз, – деді қала әкімі.
Салтанатты басқосуда
Д. Сатыбалды бірқатар көпбалалы аналарға «Күміс алқа»,  іскер жандарға төсбелгілер  және Алғыс хаттар тапсырды.  Олардың арасында қалалық мәслихаттың депутаты Гүлнар Құрманбекова, №45 мектеп-гимназиясының директоры Роза Пак та бар. Сондай-ақ, шаһардың тыныс-тіршілігін боямасыз жеткізіп жүрген әріптестеріміз де үлкен құрметке ие болды. Атап айтсақ, «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Айгүл Қапбарова «Шымкент қаласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, газетіміздің жарнама бөлімінің қызметкері Анар Андасқызы, «Панорама Шымкента» газетінің тілшісі Светлана Ешжанова қала әкімінің «Алғыс хатын иеленді.

Қ. САБЫРБАЙҚЫЗЫ

Последнее изменение Четверг, 19 Март 2015 06:24
Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.