Ардагер аналарды құттықтады

Пятница, 13 Март 2015 05:15 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4628 раз

Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері ауданға қарасты ҰОС 11 әйел ардагерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. Оларға арнайы бағалы сыйлықтар тарту етіліп,  гүл дестелері берілді.

6«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында өткен бұл іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер демеушілік көрсетті.   
 Ұлы Отан соғысының ардагері Тохчукова Анна Михайловнаның үйіне аудан әкімі Ғалымжан Ілиясов арнайы барып, азық-түлік себетін тапсырды. Осындай ізгі ниетпен әкімдік қызметкерлері Барабаш Лукерья, Ковалева Мария, Мосунова Нина, Алахвердова Анастасия, Аверина Нина, Маркина Екатерина, Сивострова Александра, Снытина Наталья, Трусова Нина, Хачатурян Шушик сынды ардагерлердің үйіне барды. Әжелер өздерін құттықтап келгендерге алғысын жаудырды.
 Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиевтің айтуынша, ауданда 44 ҰОС ардагері бар. Оның ішінде екеуі соғыс ардагерінің жесірі, ал 7-уі Ұлы Отан соғысына теңестірілген азаматтар.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.