Жеңiстiң 70 жылдығына арналады

Пятница, 13 Март 2015 05:50 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3582 раз

Көрнекті жазушы, Шымкент қаласының, Төлеби, Қазығұрт, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарының Құрметті азаматы Уәлихан Сүлейменұлының «Өткен өмір белестері» кітабының бірінші томы жарық көрді.

5555555«Кітап» ЖШС баспасынан шыққан еңбек Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған. Қаламгер Жеңіс үшін шайқаста қаза болған әкесі Сүлеймен Сартбайұлы туралы сыр шертеді. Болған оқиғаны шынайы әңгімелейді. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы болған қоғам қайраткері Асанбай Асқаров және Қаратау өңірінің азаматы, ел құрметіне бөленген Бекасыл Асылбекұлы туралы естеліктерімен бөліседі. Кемел тұлғаның өңірдің экономикалық дамуына, мәдениеті мен ғылымның өркендеп өсуіне қосқан зор үлесін баяндайды. Кітапта шайқас алаңында ерлік көрсеткендер жайлы естеліктер де топтастырылған. Мұнда әңгімелерден бөлек, аймақ журналистерінің жазушы туралы пікірлері берілген.
Уәлихан Сүлейменовтің деректі туындылары өте қызғылықты әрі жеңіл оқылады, оқырман жұртшылыққа берер тәлім-тәрбиесі мен ұлағаты мол. Жаңа кітап бүгінгі ұрпақтың бойындағы елжандылық қасиеттің өрістеуіне жол ашады.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.