«Ханбибінің биігі» республикалық ақындар мүшәйрасының қағидасы

Вторник, 13 Август 2024 07:00 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1455 раз

xanbibi-bigi

Шымкент қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер» басқармасының ұйымдастыруымен ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдығына арналған «Ханбибінің биігі» республикалық жыр мүшәйрасын жариялайды.

Мақсаты: Қазақ поэзиясының классигі, көрнекті ақын Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығын кеңінен насихаттау. Ақынның шабытты өмір жолы мен қайраткерлік болмысын тереңірек тану.   Шайырларымыздың ішкі мүмкіндіктерін ашып, әдеби үрдісте дарынды ақындардың жарқырап көрінуіне жол ашу. Жас таланттар мен оқырмандардың, әдебиеттегі аға буын мен жас толқынның пікірлес орта табуына арқау болу және қазақ поэзиясына жаңа шығармалар ұсыну.

Ережесі мен шарттары: Мүшәйраға Қазақстан Республикасында тұратын кез келген ақын қатыса алады. Жасқа шектеу қойылмайды.

Мүшәйра екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең: Мүшәйраға қатысуға өтініш білдірген барлық ақындар еркін тақырыпта бір өлең және Ханбибі Есенқарақызына арналған бір өлең жібереді. Әр өлеңнің көлемі Times New Roman шрифтімен, 14 қаріппен 3 беттен аспауы керек. Шығармалар электрондық пошта немесе WhatsApp арқылы 27 қыркүйекке дейін қабылданады.

Екінші кезең: Қазылар алқасы ең мықты деп танылған он ақынды іріктеп алады. Іріктелген ақындарға Шымкент қаласында өтетін Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кешіне жолдама беріледі. Шығармашылық кешке жолдама алған 10 ақын да қомақты қаржылай сый-сяпатқа ие болады.

Шығармашылық кеш қазан айында өтеді.

Ескерту: Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының ұсынысымен тағайындалған жүлделерді бөлуге, көбейтуге, қосуға болады.

 

Жүлде қоры

Бас жүлде – 1 000 000 теңге (1 ақынға беріледі)

1 орын – 700 000 теңге (1 ақынға беріледі)

2 орын – 500 000 теңгеден (2 ақынға беріледі)

3 орын – 300 000 теңгеден (3 ақынға беріледі)

Арнайы жүлде – 150 000 теңгеден (3 ақынға беріледі)

 

Ақындардың келіп-кету жол шығындары мен қонақ үйі, тамағы ұйымдастырушылар тарапынан төленеді.

Байқауға қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:

- Үміткерлердің шығармашылық өмірбаяны;

- Екі дана түрлі-түсті фотосуреті;

- Жеке куәлігінің көшірмесі;

- Байланыс телефондары.

Байқауды ұйымдастырушылар: Шымкент қаласы «Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер» басқармасы.

Байланыс нөмірі: 87015821339

Электронды пошта: qaratau_mektebi @mail.ru

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.