Бiрлiк – басты байлығымыз! Избранное

Четверг, 30 Апрель 2015 04:44 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4554 раз

Құрметті Шымкент қаласының
тұрғындары мен қонақтары!

1c4

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке біздің елімізде тұратын көптеген ұлт өкілдерінің бірлігінің, берекесінің, ынтымағының және достығының шынайы белгісіне айналды. Күні кешегі сайлауда қала тұрғындарының бір кісідей белсенділік танытып, таңдау жасауы этносаралық консенсус пен бірліктің көрінісі. Президенттік сайлаудың нәтижесі халықтың ел бірлігіне беріктігі мен кемел келешекке деген сенімінің деңгейін білдірді. Өзінің күнделікті еселі еңбегімен барша қазақстандықтар экономикамыз бен әлеуметтік саланың дамуына, мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға, келер ұрпақтың жарқын болашағын қалыптастыруға үлес қосып келеді.
Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында біздің қоғамда саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім сақталып, жыл сайын нығая түсуде. Осы ынтымағымызды сақтай отырып біз елімізді одан әрі гүлденген, табысы мол мемлекетке айналдыра аламыз.
Ұлтаралық келісім мен бейбітшілік еліміздің дамуын қамтамасыз ететін біздің тарихи құндылықтарымыздың бірі. Осы мерейлі мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, әрбір отбасына амандық, бейбітшілік пен тыныштық тілейміз! Ел бірлігінің нышаны ретінде 1 мамыр мерекесі халқымызды жаңа жетістіктерге, игі істерге және жасампаздыққа жігерлендіре берсін!

 

Д. САТЫБАЛДЫ,
Шымкент қаласының                               
әкімі 
Н. БЕКНАЗАРОВ,
Шымкент қалалық мәслихатының
хатшысы 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Тұрақтылық тiрегi Апат құрбандарын еске алды »