Бiрлiгi бекем елдiң берекесi бар Избранное

Пятница, 08 Май 2015 03:48 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3821 раз

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін Оңтүстік өңірі көтеріңкі көңіл күйде қарсы алды. Атаулы күнге орай Шымкенттегі жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының алаңында этномәдени орталықтардың қатысуымен мерекелік шеру өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтады.

DSC 0319Алаңға аймақтағы әр ұлт өкілдерінің мәдени бірлестіктері шығып, думанды күйге бөледі. Мамыражай шеруді «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі бастап, славян этномәдени бірлестігі мен басқа ұлт өкілдері қоштады. Шара барысында аймақ басшысы сөз алып, мерекенің мән-маңызына тоқталды.

– Көне тарихтың қай парағын ашсаңыз да халықтың, елдің ұлы армандарының алдыңда елдің бірлігі, татулығы тұрғандығын көреміз. Ал, енді осы құндылықтар Қазақстанның Тәуелсіздігі алынғаннан бері ерекше мән, маңызға ие болып отыр. Оны біз тек қана соңғы жылдары емес, Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап атқарылып отырған саясаттан көріп отырмыз, – деді облыс әкімі Асқар Мырзахметов.

DSC 0391Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының алаңында тойланған басты мерекелік шара марапаттау шарасымен жалғасты. Осы шара барысында еліміздегі татулық пен бірлікті нығайтқан оңтүстікқазақстандық бес азаматқа Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі табысталды.

Сонымен бірге, облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысқан әрі достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін облыстағы 20 этномәдени бірлестікке «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Гранты берілді. Аталған марапатты облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов пен қала әкімі Дархан Сатыбалды тапсырды.
Ашық аспан астында өткен мереке кезінде түрлі ұлт өкілдерінің қол-өнер туындыларынан көрме ұйымдастырылып, береке мен молшылықтың белгісі ретінде ақ дастархан жайылды. Онда түрлі этностардың тағамдары ұсынылды. Сондай-ақ, шарада театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, берекелі бірлігіміз бен тұғырлы татулығымызды паш ететін түрлі ұлт өкілдерінің әндері шырқалды.

С. АЙБАР

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.