Ардагерлерге құрмет көрсетiлдi Избранное

Пятница, 08 Май 2015 03:54 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4453 раз

Облыстық ардагерлер үйінде бес ардагер «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына 70 жыл» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, соғыс және тыл ардагерлеріне «дабыл түймесі» табысталды. Бұдан бөлек, тарту-таралғылар да жасалды. Іс-шараға ҰОС мен тыл, еңбек ардагерлері, аналар және зиялы қауым өкілдері қатысты.

DSC 0055Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына 70 жыл» медалімен А.Бабаев, П. Петров, В.Шевченко, В. Чукалин және П. Петрованы марапаттады. Сексеннің сеңгіріне шыққан ардагер Алтыбай Бабаев мұндай сый-құрметтің арқасында  әлі де ұзақ жасауға болатынын қалжыңмен жеткізді.
Мұнан соң, республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің ұйғарымымен еңбек ардагері, жазушы М.Байғұтқа «Құрмет белгісі» төсбелгісі табысталды. Ал, тыл еңбеккері Қунақ Кәрсенбай «Құрмет» грамотасымен және Сарыағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов, Кентау қаласы «Экскаватор зауыты» бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы С.Мырзахметов арнайы дипломмен марапатталса, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің  төрағасы Н.Шотаев алғыс хатқа ие болды. Сонымен қатар, жеке тұратын және денсаулығы төмен тыл және соғыс ардагерлеріне 15 «дабыл түймесі» табысталды. ҚР Құрметті журналисі М.Омарова апамыз да осындай телефонға ие болды. Оның айтуынша, мұндай құрмет пен ілтипаттың ардагерлер үшін маңызы зор.
ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Үмбетәлиевтің көмегімен ҰОС ардагерлеріне және кейбір әлеуметтік қолдауды қажет ететін ардагерлерге электр пешін тарту етілді. 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.