Цирктiң ең жас әртiсi – 9 жаста

Пятница, 22 Май 2015 07:31 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3931 раз

Шымкентте цирк өнері өркендеп келеді. Жас ұжым ұлттық мәдениетіміздің дамуына өзіндік үлесін қосуда. Әсіресе цирктегі әртіс қонжықтарМаймақ, Мойнақ, Жайнақтың өнерін көрермен тікесінен тік тұрып қабылдайды.

000457Ал, әртістер өңірде ғана емес, республикалық, халықаралық байқауларда да топ жарып жүр. Олар жас көрермендер үшін қойылымдарын жаңа нөмірмен толықтыруда. Әсіресе, 9 жастағы Диана Миралиеваның өнеріне таңданбайтын жан жоқ. Ол әуеде жүрексінбей, шеңбер нөмірін шебер орындайды. №12 М.Горький атындағы орта мектепте оқитын ол цирк әртістерімен бірге өнер көрсетеді. Диананың циркке келуі де кездейсоқ емес. Бірде жаттықтырушы Надя Ефименко Улугбек Хабибулаев жетекшілік ететін спорт залына барады. Оның көзіне дайындығын пысықтап жүрген кішкентай қыз түседі. Көздерінің оты бар Диананың алғырлығы мен шапшаңдығы ұнайды. Ол Надяның сауалдарына тосылмастан жауап береді. «Циркке келгің келе ме» дегенде ойланбастан келісімін береді. Бар-жоғы 2 айдың ішінде Диана шеңбер нөмірін қиындықсыз алып шықты.

Менің шеңбермен өнер көрсетуім сәтті шығып жүр. Мұнда жаттықтырушылар шеберлігіңді шыңдау үшін тер төгеді. Кішкентай көрермендер үшін аянбай еңбек етуге әрқашан әзірмін, – дейді жас өнерпаз.

Жаттықтырушы Надя Ефименконың айтуынша, цирктің жұмысы өте күрделі. Ауыртпалығы да көп. Көрерменге жақсы нөмір дайындау үшін 3 айдан 6 айға дейін тынымсыз тер төгеді.

Болашақта Диана Миралиеваның кішкентай көрермендерін жаңа бағдарламамен қуанту ойында бар. Жаттықтырушылары алғыр қыздың келешегінен үлкен үміт күтеді.

Последнее изменение Пятница, 22 Май 2015 07:33
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.