«Өмiр өткелдерi»

Пятница, 03 Июль 2015 07:09 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 6155 раз

мемлекеттіліктің баға жетпес дәйекті
дереккөзі

Астана күнінің қарсаңында елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Өмір өткелдері» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

1-07-2015-Elbasy-kitap-01

Тұсаукесерде сөз сөйлеген Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова «Өмір өткелдері» атты кітап ел Президентінің еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылдан кейін өзі туралы әңгімелеген екінші кітабы деуге болатынын атап өтті. «Аталған шығарманың құндылығы туралы жеке пікірімді айтсам, Елбасы мен сұхбат алушы арасындағы табиғи шынайы әңгіменің өрбуі, егемендік шежіресіне қатысты бұрын-соңды естімеген тың деректердің ұсынылуы, «Ұшқан ұя ұлағаты» деген тараудан басталып «Нұрлы Жолға» ұласуы сияқты өмірбаяндық соқпақтар тарихи оқиғалармен сабақтастырыла рет-ретімен берілуі, сондай-ақ, өзара диалог барысындағы интеллектуалдық биік өлшем мен қазақтың шұрайлы тілі оқырманды өзіне тартатын ерекше тұстарының қатарына жатқызуға болады», деді Мемлекеттік хатшы. Сондай-ақ, Г. Әбдіхалықова бұл кітапты Президенттің ұлы істері мен ұлағатты өмірі жайындағы барынша толық ғұмырнамалық шығармалардың бірі ретінде бағалауға болатынын, қазіргі заманғы қазақстандық мемлекеттіліктің баға жетпес дәйекті дереккөзі ретінде құнды болып отырғанын жеткізді.
 Сонымен қатар, Астана күні қарсаңында ҚР Сыртқы істер министрлігінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина дағдарысын реттеуде сіңірген еңбегі туралы «Бітімгер» атты жаңа кітаптың таныстырылымы өтті. Кітапқа Мемлекет басшысының Майданда болған оқиғаларынан бастап, ақпандағы Минскіде өткен «норманд төрттігінің» кездесуіне дейінгі маңызды оқиғалар қамтылған.
Кітап авторы – белгілі қазақстандық дипломат, ҚР Президентінің көмекшісі Нұрлан Онжанов. Ол Н. Назарбаевтың Украинадағы дағдарысты реттеу барысында Франция, Германия, Ресей, АҚШ, Италия, Швейцария, Беларусь және Украина басшыларымен кездесулеріне бастан-аяқ қатысып, келіссөздер барысын жіті қадағалаған маман.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.