Жылдың ең үздік жастары Избранное

Среда, 30 Декабрь 2015 04:19 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4627 раз

Облыстық опера және балет театрында 2015 жылдың түрлі саладағы жас көшбасшылары анықталып, марапатталды. Қала әкімінің «Үздік» жастар премиясы биыл «Үздік жас құқық қорғаушысы», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік жас көшбасшы», «Үздік жас студент», «Үздік жас спортшы», «Үздік жас баспасөз тілшісі» және тағы басқа 24 номинация бойынша үлестірілді.

946032 1681204598792567 2025132950955446144 nДәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараға қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай мен қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров қатысып, жеңімпаздарға арнайы диплом мен бағалы сыйлық тапсырды.

– Шымкент – жастардың қаласы. Біздің қаламызда 240 мыңнан астам жас бар. Қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, үлес қосып, түрлі салалар бойынша жетістіктерге жеткен жастарға Шымкент қаласы әкімінің «Үздік» жастар премиясы биыл бесінші рет тапсырылып отыр. Ел ертеңі саналатын жастарға артылатын жауапкершіліктің жүгі салмақты. Біз сендерге сенеміз, – деді Қайрат Нұртай.
Марапатталғандар арасында әріптесіміз Әйгерім Бегімбет те бар. Ол «Үздік жас баспасөз тілшісі» номинациясының иегері атанды. Журналистика саласында жүріп, түрлі тақырыпқа қалам тартатын ол соңғы жылдары үздік фотосуреттерімен де көзге түсіп жүр. Әріптесімізге әрқашан қанатың талмасын деген тілек білдіреміз!

Другие материалы в этой категории: « Балаларға базарлық 2016 Жаңа жыл құтты болсын »