Иляевтiң әлемi

Среда, 24 Февраль 2016 08:30 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3183 раз

Биыл халық суретшісі, ою-өрнекші Ғани Иляевтің туғанына – 100 жыл. Осыған орай Шымкенттегі Бейнелеу өнері мұражайында қылқалам шеберінің «Ұрпақтар сабақтастығы» атты көрмесі өтті. Көрмеге суретшінің қолынан шыққан дүниелері мен шәкірттерінің туындылары қойылды.

vistavkaҒ. Иляевтің төл бұйымдарынан ұлттық болмыстың исі аңқиды. Алаша, басқұр, қоржындағы сан алуан өрнектер көз жауын алады. Әрбір жұмыс салт-дәстүрімізден сыр шертеді. Портреттер мен кескіндемелер де көпшілікті бейжай қалдырмайды. Көрмеде сөз алған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекова суретші
Ғ. Иляевтің ұлттық мұрамызға қалдырған ою-өрнектеріне кеңінен тоқталды.

– Суретшінің қылқаламынан, әрбір бояуынан өнердің құдіретін сезінесің. Мыңға жуық сақталған ою-өрнегі ұлттық мұрамыздың құндылығы болып табылады. 100 жылдық мерейтойы қарсаңында суретшінің еңбектері жинақталған кітап жарық көреді, – деді К. Айдарбекова.
Сондай-ақ, ҚР Құрметті құрылысшысы Әбдіғани Ташқараев, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, суретші Насыр Рүстемов, этнограф К. Қарабдалов Ғ. Иляев жайында өз естеліктерімен бөлісті. Көрмеде өңірге белгілі қылқалам шеберлері Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, мәдениет басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Қариялардың қуанышы НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН? »